Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

2859
1
Бөлісу:

КТК арнасында «сыра патшасы» Тоқтар Төлешов пен оның тобының өмірі жайлы баяндалған «Шымкентский беспредел» деп аталатын фильм жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанФильм Төлешов қаржысын аямаған сәнді кештерді баяндаудан басталады.

Мұндай ауқымды салтанатты кештерді Шымкентте әлі ешкім көрмеген. Кешке келген құтты қонақтарын Төлешовтің жеке өзі қарсы алып отырған. Жоғарғы санаттағы көліктермен тек оның жақын достары ғана салтанатты кешке келген.

Мәселен «Дядя Ильяс» лақап атымен танымал қылмыс беделдісі Ілияс Сұлтанов, оның ізімен Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ілияс Бақтыбаев. Топтың тағы бір мүшесі Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясының экс-басшысы Хибратулла Досқалиевты байқауға болады.

Кешке шақырылғандардың арасынан көптеген жергілікті шенділерді де көруге болады. Ал Ресейден отставкадағы офицерлер, Пушкиннің ұрпақтары, князь графтары, Монтенегро және Македония ханзадалары шақырылған.

Олар қандай-да бір мемлекеттік маңызы бар оқиға үшін емес, керісінше, Төлешовтің қызы-Айткүлді ұзату үшін жиналған. Бойжеткеннің әкесі салтанатты мереке үшін 700 мың долларын аяған жоқ.

Қолөнершілерге арнап салынған қалашықта ең беделді тұлғалардың көңілін халық өнерпаздары көтеруде. Алып шатырлардың астынан мемлекеттік оркестр мен театр әртістерін байқауға болады.

Сахнаға граф Петр Шереметев шықты.

«Достар, қымбатты қожайын, мен өз бокалымды бізді осындай дарқандылықпен қарсы алып жатқан біздің қожайынымызға алғыс білдіру үшін көтеремін», – дейді граф.

«Тоқтар Жүсіпов мен сізге басымды ием, сіз ерекше жансыз», – дейді сахнаға шыққан өзге граф.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанАл ханзада болса, Төлешовті Шевалье рыцарьнің орденімен марапаттайды.

Өз кезегінде Төлешовтің қуаныштан жүзі балбұл жанып, оған барлығы қошемет көрсетіп, қол соғады. Ол үшін шенеуніктер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері әдемі сөздерін арнап, тост көтереді. «Сыра патшасын» жұлдыздар да сыйлайды. Мәселен Кузьмин мен Малинин.

«Дәл мені шақырғаныңыз сіздің көркемдік талғамыңызды көрсетіп тұр», – дейді Малинин.

Бұндай сөздер үшін Төлешов гонорарға келгенде еш сараңдық танытпайды. Бұл кештің қызығын итальяндық әнші Риккардо Фольиде жандыра түсті.

Төлешовтер, егер қаласа, қала көшелерімен полицияның еруімен жүретін, егер қажет болса, тіпті жолды жауып тастауға қауқары жететін. Мысалы Шымкенттің басты алаңындағы көлік қозғалысын тежеді: Себебі күймеде Төлешовтің қыздарының бірі келе жатты. Кішкентай қыз бала бақытты, әкесі де дән риза.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанТөлешов балалары үшін ешнәрсе аямаған. Олар ұйымдастырған жабық кештерде элиталық ішімдіктер судай ағып жататын.

Айрықша жабдықталған бөлмеде жастардың көңілін Иван Дорн, Марсель тобы, Тимати секілді ресей жұлдыздары мен тележүргізушілері көтеретін.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанОл өз жақындарына керемет салтанатты кештерді ұйымдастыра білетін, туған күндерді ерекше өткізу үшін ондаған мың доллар жұмсайтын.

«Менің әкем осы өмірдегі ең сыйлы адам. Мен оны барлығынан қадір тұтам, әкемнен басқа адамды құрмет тұтып көрген жоқпын. Мен басқа адамды құрмет тұтпаймын деп үміттенем», – деп өз ойын айтып тастады Төлешовтің ортаншы қызы Севиль.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанБойжеткен шын мәнісінде ешкімді сыйламаған. Өзінің достарымен ол үнемі клубтарға баратын. Ол жерде болғандардың барлығы өздерінің қауіпсіздігі үшін оған жоламауға тырысатын.

Севиль қандай нәрсе жасаса да ол ешбір жауапқа тартылмаған. Әкесі қызының Шымкентте жасаған әрекеттеріне көз жұма қараған.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанОның әкесінен алған қымбат сыйлықтарының арасында бірнеше мың доллар тұратын Rolex сағаттары мен Bentley автокөлігі болған.

Тоқтар Төлешовтің қызы сыра зауытының дәл қасында тұрған. Арнайы ол үшін ішінде барлық жағдайы жасалған үй-жай тұрғызған.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанБойжеткен кез келген уақытта элиталық тағамға тапсырыс бере алатын. Оны төменгі қабатта дайындайтын. Тағамдарды арнайы аспаздар жасап, жеке даяшылар оны столға әкеп беретін болған. Қызметшілер үй иесінің кез келген қисынсыз тілектерін орындайтын.

Төлешовтер отбасы қалада жоғары санаттағы көліктермен жүріп-тұрған. Олардың орасан зор автотұрағында кез келген автокөлікті табуға болатын.

Төлешовтің коллекцияларындағы картиналар секілді тек бір ғана Rolls-Royce-тің өзі қыруар қаржы тұрады.

Миллионердің тағы бір коллекция – 30 асыл тұқымды айғыр.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанСонымен қатар жеңімпаз әйел болып, бизнесменнің барлық әйелдері саналатын. Олар үшін «сыра патшасы» арнайы сарай тұрғызған.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсағанТоқтардың барлық сүйікті әйелдері 2 млн 282 мың теңгеден жалақы алып отырған. Олар әртүрлі сұрақтар бойынша жауап беретін директордың орынбасары болғанға ұқсайды.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған«Олар жұмыс істемейтін, жұмысқа келмейтін, олар бізде жалған түрде тізімде тұратын.  Алайда айлық алатын», – дейді зауыт қызметкері.

Мекеме ай сайын Төлешовтердің отбасын асырау үшін 60 млн теңге жұмсайтын. Ол кірістерді әділетті бөліп жатқанына барлығын сендіретін.

Бұл ретте сыра зауытының қызметкерлері тиын ғана алатын, тіпті айлап жалақы да алмайтын. Олар өздерін құл секілді сезінетінін де айтады.

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған«Бізді бағалмайтын еді. Бізді аспаз ретінде мүлде адам қатарына қоспайтын. Күн-түн демей қызмет ететінбіз. Ақша төлемейтін. Жұмыс және жұмыс», – деп әңгімеледі аспаз.

Ал жұмыстан кетуге ешкімнің батылы бармаған. Олар Шымкентте басқа жұмыс таппай қаламыз ба деп қорыққан, тіпті, жай жұмыстан кете салуға да үреймен қарағынын айтады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Жиынбек 19 Қыркүйек, 2016 16:18 Жауап

    Ия, бұл фильмді КТК каналынан көрдім. Аулада XXI – ғасыр. Ал оқиға орта ғасырда болғанға ұқсайды. Шымкент сыра зауыты жақсы табыс әкеліпті ғой. Шіркін, сол қаражатты тек бір отбасының ғана емес ел игілігіне жұмсағанда ғой…бүгін Төлешов мырзаны ел болып қорғап жатар ма едік. Өкінішті!!! «Ақша ақылға жиналады» дегенді естіген едім… Мол ақша жинауға ақылы жеткенде орынды жұмсауға ақылы жетпегені ме?! Осы жері түсініксіз!!! Мүмкін харам сусын болғандықтан соңы осылай болды ма екен…?!

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − бес =