Отандық танымал саясаттанушы сәләфиттердің ата-аналарын да жазалауды ұсынды

969
3
Бөлісу:

Лаңкестердің ата-аналары балаларының жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы қажет, деп мәлімдеді Қазақстан Азаматтық альянсының басшысы Нұрлан Ерімбетов.

Нұрлан Ерімбетов лаңкестердің ата-аналарын да жазалауды ұсындыБұл туралы Қамшы порталы хабарлайды.

Парламент мәжіліс депутаттары (кіші палата) қыркүйек айында «экстремизм мен терроризм» мәселелеріне байланысты заңды қайта қарастырып жатыр. Заң бойынша, экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздеп отыр. Мәжіліс депутаттары мен қоғам мүшелері бұл заңнаманы қарауды жалғастыруда.

«Ата – аналардың да жауапкершілікке тартылу себебі олар өз балаларының қайда кетіп, қайда қонып, қай күйде келетінін, не жайында айтатынын көріп жүреді, балалары көз алдында. Менің ойымша, баласын жазаласақ, ата- анасын да жазалау қажет», – деп мәлімдеді Нұрлан Ерімбетов жұмыс тобының отырысында.

Қазіргі балалардың бос жүрмеуін қадағалау керек деген Ерімбетов өзінің балалық шағында қандай істермен айналысқанын айта кетті.

«Мен өз балалық шағымды керемет деп айта алмаймын, бірақ мен таңертең мектепке, түсте музыкалық мектепке баратынмын, домбырада ойнайтынмын, кешке спорт секциясына қатысатынмын, содан соң үйге келіп, сабағымды оқитынмын», – дейді ол.

Ерімбетовтің айтуынша, алайда бүгін барлығы өзгеше адамдарды түрлі секталар қызықтыруда.

«Менің ойымша, бүгінгі таңда, жергілікті атқарушы ұйымдарға, мәслихаттарға, ауыл мен облыстарға міндетті нормативтерді орындайтын ұйымдар қажет, балалар бос жүрмеуі керек», – деп қорытындылады Ерімбетов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Қазақ 16 Қыркүйек, 2016 12:04 Жауап

    Салафиттердің ата-анасын жазалағысы келсе, Нұрлан Ерімбетов елбасының өзінен бастасын. Оның марқұм інісінің баласы Қайрат Сатыбалды елімізде осы ағымның қолдаушысы екені ешкімге де құпия емес. Əйтпесе, көпке топырақ шашуды қойсын. Ата-ананың не жазығы бар? Осы ағымдағы мұсылман қауымды, уағыз айтып, неге бері қаратып алмайды? Бұл ағымдарға жастар неге көптеп бой ұрып жатыр? Оның негізінде жатқан əлеуметтік себептерді неге зерттемейді?

  2. Қолқоюсыз 23 Тамыз, 2017 20:22 Жауап

    Нурлан не оттап отыр ,осынын барлыгын кым дыни бостандык деп елге кыргызды .Дын бостандыгын берген кезде ,осы негативтын
    барын елге кыргызгендер Советтер Одагынан
    калган байлыкты хан-талапайга салып жатты .
    Сол жылдары тауелсыз газеттер (ДАТ.СВОБОДА СЛОВА)т.б бактар жазып жатты.Нурлан мырза сол кезде кайда болган.
    Аткыш болса соларды атсын .Орысша айтканда ,Кишка тонкая.Олай болса ,нечего
    пургу гнать.

Пікір немесе жауап жазу

5 − үш =