Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды

6186
2
Бөлісу:

Жиырма бес жастағы астаналық бойжеткен өзін аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды. Бұл туралы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алдыЖиырма бес жастағы астаналықты белгісіз бірулер қаланың сыртына ұрлап әкетіп, екі күн бойы зорлаған. Әрең дегенде сытылып қашқан қыз оқиға бойынша полицияға мүлде хабарласпаған. Олардан өзі өш алмақшы болыпты.

Бұл туралы “Экспресс К” басылымына психолог Мария Федорова айтып берген.

«Үш ай бойы өзін қорлағандарды аяусыз жазалаған астаналықпен жұмыс істедім. Бойжеткен бірінің отбасын ойрандаған. Құрбыларының біріне сол жігіттің басын айналдыруды тапсырған қыз, суретке де түсіріп алады. Ғашықтардың тәтті өмірінің көріністерін жинақтап, өзін зорлаған еркектің әйеліне жолдайды.

Екіншісінің саябағын өртеп жібереді. Үшіншісінің қымбат көлігіне қышқыл шашқан. Өзін ренжіткендерден кек аламын деп жүрген бойжеткен, қалай қатыгез болып кеткенін де білмей қалады. Мәселені шешу үшін пәтерін сатып, Алматыға қоныс аударып кеткен. Қазір тұрмысқа шыққан, бала күтіп отыр», – дейді психолог.

Дәрігер өзінен көмек сұрап келушілер арасынан зорланғандар тек соңғы екі жылда көбейгенін айтады.

«Бұрын топтық зорлауда болған әйелдер аз келетін. Қазір ондай емделушілерім көп. Мен бұған қарап зорлау қылмысы соңғы кезде көбейді деп айта алмаймын. Бұрында да болған. Тек әйелдер соңғы кездері маманның көмегіне жиі жүгінетін болған», – дейді дәрігер.

Дәрігер елімізде зорланған қыздар мәселесін полицияға айтпауға тырысатынын айтады. Себебі, бойжеткендер оқиғаның жайылып кетуінен қорқады екен.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Өтен Ахмет 14 Қыркүйек, 2016 15:20 Жауап

    Қоғамда қазір асқынып бара жатқан екі дерт байқалады: бірі -әйел
    зорлау. Оны ұстаудың, әшкерелеудің, жазалаудың машақаты көп. Соны білген мына қыз өзінше әрекет жасаған.Заңға қайшы, әрине.Ал заң жүзінде жазалата алар ма еді. Бұл үкен сұрақ; екінші-игромания, ойыншы құмарпаздық. Арнайы орындар белгіленген сияқты еді, соған сәйкестендірілген заң шығарылған сияқты еді.Қазір аяқ бассаң ойын автоматы. Мектеп жасына дейінгі балаларға шейін құныға ойнап жатады. Соған қарағанда ешкімнен қыңбайтын аса мықты адамдардың бизнесі болуы мүмкін.Біздің журналистика лағып кеткен. Қоғам жарасын көрмейді.Адамды төмендететін, әумесер ететін нәрселермен әуес.Жаңа Үкіметте, меніңше, қазақтың қазіргі тәуір азаматтары.Қоғам жақсы, сапалы болмай, ел оңбайды.Көңіл бөлетін шығар деп ойлаймын.

Пікір немесе жауап жазу