Ринат Зайытов: Қыздарға бармаймын деп өтірік ақталмаймын (ВИДЕО)

«Қыздарға жақсы қараймын» деген белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында бұл өзінің кемшілігі екенін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«...Жақсы қараймын. Қазір өтірік ақталмай-ақ қояйын, қызға кім бармайды деп... Былай айтқаным дұрыс шығар: ол менің кемшілігім», - дейді Ринат өзінің қызқұмарлығы жайында. Алайда мұндайға ешкім оңайлықпен көнбейді деген ақын отбасын ешқашан тастамайтынын айтты. Бұдан жарының да, басқаларының да хабары барын айтқан үш баланың әкесі Ринат екі әйел алған ерлерді даттап жататын қоғамға ренішін де білдірді.

«Біз бір күйеуден ажырасып, екіншісіне тиген әйелге кешіріммен қараймыз. Үшінші, төртінші күйеуге тисе де, бұл оның тағыдыры ғой дейміз. Ал, екі әйел алған еркекті итше талауға дайын тұрамыз. Шын мәнінде, мен сыйлаймын екі әйел, үш әйел алған еркекті», - дейді Ринат Зайытов. Сонымен қатар, ақын әр ер адамда еркектік мінез болу керектігін тілге тиек етті.