Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды

1284
0
Бөлісу:

Елбасының жарлығымен Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZтілшісі.

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды«Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына Қуандық Тұрғанқұлов төрағалық еткен болатын.

Берік Имашев – бұған дейін Қазақстанның Әділет министрі қызметін атқарған (2012 жылдан бастап). Парламент депутаты (2008-2012), заң ғылымдарының докторы.

Қазақстан президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі. Қазақстан заманауи бессайыс қауымдастығының президенті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × 4 =