Қайрат Нұртас өзімен дуэт болып ән айтқысы келетіндерге ерекше байқау жариялады

Танымал әнші Қайрат Нұртас ерекше байқау жариялады. Оның жеңімпазы әншімен бірге дуэтте ән орындауы мүмкін деп хабарлайды 31 арна.

Қайрат Нұртас өзімен дуэт болып ән айтқысы келетіндерге ерекше байқау жарияладыӘнші желі парақшасы арқылы ән байқауларды жиі жариялайды. Жақында жариялаған сайысының шарты бойынша әншінің хит әндерін сезіммен, жүрекпен орындап шықса болғаны екен.

"Жеңімпаз менімен бірге караокеде ән салады, Алла басына бақ берсе менімен бірге дуэт айтып, үлкен сахналарға да шығуы мүмкін", - дейді Қайрат Нұртас.

Ал арасынан суырылып шыққан өнерлілерін әнші өзінің продюсерлік орталығына да алуы мүмкін.

Байқау қыркүйек айының ортасынан дейін жалғасады. Айтпақшы, Қайраттың хит әндерін жас өнерпаздар елімізде ғана орындап жүрген жоқ. Көрші ел Ресей, Әзірбайжан мен Белорусияда айтып жүргендер жетерлік екен.

Қайраттың Нюшамен айтқан дуэті талайлардың көңілінен шыққаны сонша, қазақтың тойларына бірге шақыратын болған.

Дегенмен, әншінің арманы заңы қатал Ресейдің шоу-бизнесін бағындыру екен. Арманын іске асыру үшін әркеттеніп те жүр. Жақында Мәскеуде жеке кешін беріп қайтқан. Ендігі жоспары Кремльде зал толтыру.

"Жалпы мен дайынмын. Мен шет тілінде де ән сала аламын. Орыс тілінде де ән сала аламын. Мүмкін сол елдің танымал әнін сол тілде орындайтын шығармын. Бірақ, әзірге білмеймін", - дейді ол.

Қайраттан үнемі жаңалық күтетін көрерменге әншінің жаңалығы да бар екен. Жақында, яғни қараша айында жеке кешін өткізбек. Әзірге жұлдыз қайда, қалай болатынын құпия ұстауда.