Еліміздің педофилдер базасында 1200-ден астам есім бар

Педофилдерді немесе кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдардың есебі заңнама тұрғысында енгізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетнің төрайымы Сәуле Айтпаева Today.kz порталына сұхбат кезінде хабарлаған. Бұл қазақстандық ноу-хау емес. Әлемдік тәжірибе бар және тәжірибе осындай шараның қажеттілігін көрсетіп отыр.

Фотография - Сәуле Айтпаева: Педофилдер базасында 1200-ден астам есім бар

Базада жоғарыда аталған қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдардың деректері сақталатын болады. Ең ерте кезеңді көрсететін мерзімдер 1991 жылдардан басталады. Қазіргі уақытта базада 1 200-ден астам есім бар. Қазір деректерді егжей-тегжейлі салыстырып тексеру, әсіресе, осы адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша салыстырып тексеру жүргізілуде. Бұл жерде, өзіңіз түсінесіз, қателеспеудің маңызы зор. Педофилдің фотосын шығарып қоямыз, ол, мәселен, Астана қаласының Алматы ауданында тұрады деп көрсетеміз, - осы маңда тұратындардың барлығы қорқынышта өмір сүретін болады; кейін бұл адамның мүлде басқа қалада тұратындығы белгілі болады. Сондықтан да педофилдердің көші-қон мәселесі  өзекті.

Бұл жұмыс жүргізілуде, бірінші жартыжылдықта аяқталады деп күтілуде. База сондай-ақ, басқа сервистер секілді, service.pravstat.kz сайтында болады. Ол бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін брифинг өткізіліп, түсінік берілетін болады.