«Қорқақ әйелдер» мен «аталық шұлықтар»: Билік жарнамадағы мемлекеттік тілдің мұқатылуын неге қадағаламайды?

3518
3
Бөлісу:

Kari киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды 31 арна.

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)Аталған тауар белгісіндегі аударма бойынша «Әйелдер қорқақтар» ал, еркектер «аталықтар» екен. Мұндағы тауарлардың қазақша аудармасынан көз сүрінеді, тіпті ұлттың намысын да қорлайды. Бірақ, дүкеннің басшылығы аудармадан еш қымсынбайды.

«Туфлялер аталық», «шылпылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық» «қорқақтар әйелдер». Тізе берсек, жетіп артылады. Бұл Талдықорған қаласындағы Каri киім-кешек нүктесіндегі тауардың қазақ тіліндегі аудармалары. Мұндағы қазақ тіліндегі сөздерді оқу үшін тілді бұрмалау өз алдында, мағынасын да түсіну өте қиын, дейді тұрғындар.

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)«Ешқандай мағынасы жоқ. Біздің тілімізді мазақ қылған сияқты ғой. Мемлекеттік тілімізді аяққа басу деп есептеймін. Сондықтан мұндай қателіктерге жол бермеуіміз керек. Күресуіміз керек», – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әлия.

«Аталық деген қазақшаға жатпайды ғой. Аталық деген ұрық беруші деген мағынасында айтылған нәрсе. Қазіргі таңда қазақша аудармаларды қазақшаны білмейтін адамдар жасайды. Тікелей аударма. Компьютерлік аударма ғой», – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Олжас.

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)Бір өкініштісі сауда нүктесінің басшылығы тауарлардағы өріп жүрген қатеге, мағынасыз аудармаға еш қымсынбайды екен. Ал өрескел қателіктерді өріске мал жайғандай өргізіп қойған Каri сауда дүкеніндегілер арнайы аударма қызметіне жүгінгендерін жеткізді.

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)«- Нам перевод делает бюро переводов в Алмате. Унас все переводы правильные.

– Все правильные, да?

– Все правильные», – дейді Kari дүкенінің өңірлік филиал директоры Денис Пичужкин.

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)Қазір аударма жасаудың ең оңай жолы – ғаламторға жаза саласың. Арнайы бағдарлама саған аударып береді. Бірақ оның дұрыс, қате екенін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тіл жанашырлары осыған да ерекше мән берсе.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. астаналық 9 Қыркүйек, 2016 12:47 Жауап

    Мемлекеттік тіл, мемлекеттік рәміз, бұай қорлауға бола ма ? Балконға ту ілгендерді жазалайтын прокуратура мен соттар ай қарап отыр ма ?

  2. қазақ.2 9 Қыркүйек, 2016 12:52 Жауап

    Осындайларды оқып оқып сонда неге осындай жауапсыздарға заң жоқпа деп оилайсың.Егер айып пұлды күшеитсе қорқатын еді ау.Не деуге болады.Менің қолымнан не келеді.

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − 1 =