Үкімет таратылып, Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Мәсімов Президент жарлығымен Үкімет таратылды. Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды qazaquni.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін", - делінген Жарлықта. Кәрім Мәсімов алғаш Қазақстан премьер-министрі болып 2007 жылы тағайындалған еді.