АТТАН ТҮСЕДІ ДЕП АРМАНДАМАЙ-АҚ ҚОЙЫҢДАР...

Ақорда Елбасының көкпар тартқан сәті бейнеленген фотоларды жариялады. Баспасөз қызметі бұл жарияланымды Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтіп жатқан Көшпелілердің бүкіләлемдік ІІ ойынымен байланыстырып отыр, - деп жазады qazaquni.kz порталы  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

"Түркі халықтарының дәстүрі мен өнерін, ептілігі мен тектілігін, бірлігі мен ерлігін паш ететін аламан додаға 62 елдің мыңға жуық спортшысы қатысуда. Бұл - көшпелілердің бүгінгі ұрпағының спорт саласында да ешкімге есе жібермейтінін әлемге әйгілейтін шара", - делінген Ақорданың хабарламасында.

© Ақорда

"Түркінің түгел болуы жолында ерен қайраткерлік көрсетіп келе жатқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкіндік туып, қол босағанда атқа мініп, желмен жарыса шабуды, көкпар тартуды сүйетін, ұлтымыздың үздік қасиеттерін бойына жинаған нағыз қазақ перзенті екені жұртқа мәлім. Осы орайда бүгін Фейсбук пайдаланушылары назарына Қазақстан Президентінің көкпар тартып келе жатқан сәтінен түсірілген сирек суретінің бірін ұсынып отырмыз", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі елбасының ат үстіндегі сирек суретін жариялаған болатын. Назарбаевтың артында келе жатқан америкалық саясаткер Джеймс Бейкер.

© Ақорда