Танымал ақын: «Сағадиев реформасына» үнсіз қарап отыра берсек әдебиетімізден де айырыламыз

Бөлісу:

Картинки по запросу ерлан сағадиев

Егер, «Үштұғырлы тіл» саясатына, «Сағадиев реформасына» осылайша үндемей, келіскен сыңайда қала берсек, болашақтағы жағдайымыздың өте жаман болары Айдан анық. Сол жаманның басы – «Қазақстан Жазушылар Одағы» деген қоғамдық ұйымның түбегейлі адыра қалмағы. Өйткені, өзіндік ұлттық «МЕН»-і қалыптаспай жатып, ақыл-есі қос тілмен қойыртпақтанған, өз Ата Тілінің, басқа сала тұрмақ, әдебиетте де еш бәсі болмас Қазақтан келешекте ешқандай ақын да, жазушы да шықпайды. Ал, ақыны, жазушысы жоқ ел – көргенсіз ел. Көргенсіз елдің көсегесі ешқашан көгермейді. Біз сондай бақытсыздыққа бара жатырмыз, үн-түнсіз.
«О, санкта симплицитас!» («О, святая простота!»)
Осыдан алты ғасыр бұрын, өзін өртеп жатқан алауға отын тастап тұрған аңқау кемпірді көргенде, әйгілі чех қаһарманы Ян Гус осылай депті, өлердей қапаланып. Біздің қазіргі жағдай – тұп-тура сол сорлы кемпірдікіндей! Қапалы Ян Гус қана жетіспей тұр бізге…

Тыныштықбек

Фейсбук парақшасынан алынды

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 23 пікір жазылған

  1. Руза 8 Қыркүйек, 2016 12:17 Жауап

    Әр жерге, қапаста отырған тұлғаларымызға қатысты митингілерімізде, басқа да шараларымызда ұлт тілін көрге тықпалаушы 3тілдікті қоса көрсетіп жүруіміз керек, тарихпенен.

  2. Нұрбек Тұрдыақынұлы 8 Қыркүйек, 2016 14:23 Жауап

    Бізде ешкім ештеңеге,істеген ісіне жауап бермейді. Сағадиев та бүлдіріп, бүлдіріп басқа жұмысқа ауысып кетеді. Орнына келген адам сағадиевқа сілтейді. Сондықтан əркімнің істеген ісінен нəтиже талап етілу керек. Ол үшін заңды соған икемдеу қажет. Көлік жүргізушіге заңды бұзса айып салады. жүк түсіруші де байқамай қиратып алса төлейді. Қарапайым адамдарға заң қатал. Ал биліктегілер бүлдірсе жауапқа тартылмайды. Басқа орынға ауысып, бүлдіруін жалғастыра береді. Бұл депутаттарды ойландыруы керек. Жұмыс істемейтін жарымжан заң шығарса оларда жауап беруі тиіс.

  3. Оғыз 8 Қыркүйек, 2016 15:52 Жауап

    Сағадиевте тұрған ештеңе жоқ. Бұл Назарбаевтың жеке авторлығынан туған сандырақты іске асыруға қарекет еткен бейшара орындаушы ғана.

  4. СРҚ 8 Қыркүйек, 2016 16:55 Жауап

    О, бейбақ… өз құйрығыңнан шиқан шақса да Сағадиевке жабарсың… Әй, құр сөйлемей, іс жаса! Қолыңнан келмей ме – тіліңді тартып қана, жайыңа отыр. Тыңда, білім саласын дамыту бағдарламасына зер сала оқы, біл, реформаның мақсат-мұратын, оның ауқымын, жүзеге асырар құралдары мен тәсілдерімен таныс алдыменен!!! Әй-шәй жоқ, бір емес, он-жүз емес, мыңдаған адамдардың «осы білім саласын өрге домалатайық, балаларымыз ғалым болсын, адам болсын, ертеңіне сеніммен қарайтын азамат болсын» деген ниетпен атқарған еңбектерін «Сағадиев реформасы» деу – барып тұрған надандық, есуастың ісі!!! Керек десеңіз, айтайын: Сағадиев министрлікке келгелі, қыруар қаржыны талан-тараждан аман алып, түк бітірмей, жылдар бойы сан миллиондап ақша жеген сансыз қорлар мен ұйымдардан тартып алып, халықтың әр тиынын сақтап, қажетті, тиімді деген жерге ғана жіберіп отыр! Үйреншікті әрі «сұраусыз» ақшадан қағылып отырған «ағашкалар» осы түкбілмес, ашқарақ, арамтамақ тыныштықбектерді айтақтап салып отыр! Ал, енді түтіп жеңдер бір-біріңді, іс қылар адамды аяғынан шалыңдар, домалақ арыз жазып, қамаңдар бір-біріңді, та-ма-ша ел боламыз сонда… Тфу!!!

  5. айзере 8 Қыркүйек, 2016 18:34 Жауап

    жастарға жол беру керек! Өздері болашағын таңдауға мүмкіндік беру керек. біз , жастар, министрге сенеміз! үштілдік реформасы біздің болашағымыз үшін маңызды!

  6. тима байсаков 8 Қыркүйек, 2016 18:35 Жауап

    қазіргі таңда әлем тез дамып жатыр, артта қалмау үшін көп жұмыс істеп өркендеуіміз қажет. Ол үшін үштілдік бізге қажет деп ойлаймын!

  7. канат абубакиров 8 Қыркүйек, 2016 18:36 Жауап

    казахский язык не останется в тени , ведь он является нашим родным. зато благодаря трехязычию наша страна будет развиваться в правильном направлении, ведь другие страны разговаривают на 2 и больше языках

  8. Қайсар 8 Қыркүйек, 2016 19:37 Жауап

    Бұл жай ғана заманталабы. Егер біз әлемде орнымызды белгілеп қоймасақ тіліміз тұрмақ елімізден айырыламыз. Орын табудың жалғыз жолы ол әлеммен бір деңгейде білім алу

  9. Талғат 8 Қыркүйек, 2016 20:06 Жауап

    70 жыл бодантықта болып ұлттығымызды жоғалта жаздадық. Себебі біздің қара домалақ балаларға оқуға мүмкіндік бермеді. Қазір біліммен жарысатын заманда, бұл үлкен қажеттілік

  10. Дастан 8 Қыркүйек, 2016 20:09 Жауап

    Құрметті отандастар, бағдарламаны жақсылып оқысаңыздар, ол енгізілгеннен кейін қазақ тілінің сағатары көбейеді, оның ішінде әсіресе орыс мектептері үшін. Дүниедегі барлық жаңалық ағылшын тілінде, егер осы бетпен кете берсек біз бәрінен құр қаламыз. Бұл заман талы. Соны түсініңіздер

  11. Айдана 8 Қыркүйек, 2016 21:44 Жауап

    Керісінше осы бағдарлама арқылы қазақ тілі дами түседі. Өз ойым бізге бұл жаңа бағдарлама қажет, себебі ол заман талабы!

  12. Айбек 8 Қыркүйек, 2016 22:41 Жауап

    Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

  13. Аружан 8 Қыркүйек, 2016 22:43 Жауап

    Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

  14. Амина 8 Қыркүйек, 2016 23:56 Жауап

    Үштілділік – қазақ тілі мен ағылшын тіліне ғана көшуге арналған саясат, сондықтан тіл жанашырларының үштілдікке қарсы болып жатқанының мәнін түсінбедім.

  15. Мирболат 9 Қыркүйек, 2016 11:56 Жауап

    Ай, құлдық сана. Төбеңнен топақтап – тоқпақтап еркіндігіңді жойған ғой, өлген бураның басынан үріккен құлдарыма не деймін. Тіл білдіртем деген министрден неменеге қорқады, түсінбеймін. Ілім, білім, ғылым – бәрі тілде емес пе еді. Совет заманында да тілімізді сақтап қалып едік қой, қазір тәуелсіз елміз, қорқатын ештеңе жоқ. Алға, қазақ елі, алға. Барлық мемлекет қызметткерлерінде шет тіліне үйрету керек. Алға, Қазаақстан , алға.

  16. ЖЕБЕ 10 Қыркүйек, 2016 00:59 Жауап

    МИРБОЛАТ СІЗ ӨЗ ЕСІМІҢІЗДІ ҚАЗАҚШАҒА АУДАРА АЛАРСЫЗ ДЕП ҮМІТТЕНЕМ АЛ ӨЗ ҰЛТТЫҚ ДАНА ТІЛІҢІЗДЕ ТҮСІНІГІҢІЗДІҢ ЖЕТПЕЙТІНІНЕ СЕНІМДІМІН. АНА ТІЛІҢІЗДІҢ НЕ ҮШІН КЕРЕК ЕКЕНІН ОСЫДАН АҢДАНАҒЫҢ. СІЗ СИЯҚТЫЛАР БІЗДЕ АСЫП ЖЫҒЫЛАДЫ СОЛАР АДАСПАСЫН ДЕЙМІЗ. ҚАРАПАЙЫМ СӨЗБЕН АЙТҚАНДА ТАЗА АНА ТІЛІНДЕ
    БІЛІМ АЛЫП ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТСА ҒАНА ТАЗА ҚАЗАҚ БОЛА АЛАДЫ БІЗГЕ ТЕК ҚҰЛҚЫНДЫ ТИУ КЕРЕК ҚҰЛҚЫНДЫ
    ТИСА ҚҰДА ЖЕКЖАТТАР ӨЗІ ҚАЛАДЫ ҚАНАҒАТТ ТҰТЫП БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП АМАНАТТАУ ӘР ҚАЗАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ ОЛ ДЕГЕН ӘР ҚАЗАҚ ӨЗ БАЛАСЫНА АНА ТІЛІМЕН ТАРИХЫН ӨЗІ ҮЙРЕТІП АМАНАТТАУ КЕРЕК ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА БІЗ АУЫЗ ЕКІ ӘДЕБИЕТІМІЗГЕ ҚАЙТА КӨШУІМІЗ ЫҚТИМАЛ. БАСТЫ СЕБЕП БИЛІККЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ҰЛТЫ КЕРЕК ЕМЕС. ӘРІ ҚАРАЙ ӨЗІҢ ОЙЛАҒЫҢ

  17. Мақұлбай 12 Қыркүйек, 2016 23:46 Жауап

    70 жыл орыс тілін үйрендік, бірақ содан не ұттық? Рессей – мықты, дамыған ел! Ресеймен әлемнің алыптары санасады. Біздің мақтап ашқан, лента қиған зауыттарымыз іске аспай, ай толмай қайта жабылып жатыр. Мәселе тілде емес, жемқорлықта! Үш тұғырлы тілдің де маңызы – сонда жатыр ма деп қорқамын. Шынымен, ана тіліміз аяқасты болып бара жатыр…

  18. Жұлдыз 13 Қыркүйек, 2016 00:05 Жауап

    Үш тілділік-заман талабы деп ана тіліміздің мәртебесін өз елімізде түсіріп отырсақ, баяғы жалтақтығымыз емей не? Орыстандыру саясатының залалындай болмасына кім кепіл, әлі ана тілін білмейтін қазақтарымыз онысына намыстанбайтында, керісінше орысшасы нашар қазақтарға күлетін еді, ана тілін білмейтін қазақтарымыз шетелде күлкі де болып жүрген жоқ па «ана тілі бізге керек емес» деп, рухсыз дүбәраға айналып. Өзге елдерге ұқсап ана тілімізді ұлықтайтын ел болсақ екен, өз тілімізді мақтаныш тұтатын патриот болсақ екен, елдің ішінде ішінара ғана кездестіреміз, ақындардың шырылының да орынды екені есекке де белгілі дүние, бірақ саясат қоғамды билеп-төстеуде… :shoshu:

    • Қолқоюсыз 16 Шілде, 2017 18:06 Жауап

      Осы елдегі басқа ұлттық мектептер не оқытып жатыр,қазақ тарихын ба,басқаны ма?

  19. Bekbolat 30 Қыркүйек, 2016 11:45 Жауап

    Келысемын сыздердын айткандарнызбен, бырак маселе орыс тылынын танымалдыгын арттыру емес кой, керысынше казыр орыс тылы белгылыгы томендеды, казыр барлыгы мадени казак тылыне ауыспак, бырак, Былым министрлыгынын максаты букыл алемдык тылды казак баласына уйрету. Казак халкы баска елдерден кем болмас ушын, Ал сыздердын айтып отыргандарыныз, сонда Казак тылын былып, кейннен дамымау ма? Казыр енды министрлер ауысты, жана кадагалау манерымен, тыл енгызып ол тылдын максатын аныктап, елге белгылы быр максатпен енгызбекшы. Максаты: елды жана даму сатысына котерып, алем тылын тек байланыс куралы ретынде пайдалану.

Пікір немесе жауап жазу

үш + 6 =