Қызылорда облысында тікұшақ құлады

Жетінші қыркүйек күні Қызылорда облысында «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы құлады. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі KazTransOil қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, төрт адам зардап шектіОқыс жағдай Астана уақыты бойынша 15:40-та болған. Бортта «ҚазТрансОйл» Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының 19 қызметкері және үш экипаж мүшесі болған.

Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Түрлі жарақаттар алып, зардап шеккен төрт қызметкер медициналық тексерістен өту үшін Қызылордаға жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.