Қарақат Әбілдина: Үйімізде тіл мәселесі өзекті, балам орысша шүлдірлейді…

3833

Танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлының орысша сөйлейтіні туралы қолданушы сұрағына жауап берді деп хабарлады NUR.KZ.

Қарақат ұлының орысша сөйлегенін оның араласатын ортасынан көрді

ФОТО БЕКБОЛАТ БОЛМАНОВТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

 

Желі қолданушылары Қарақат пен Қыдырәлінің ғана емес, оның балаларының да әрбір басқан қадамын назардан тыс қалдырмайды. Олар жұлдызды жұптың үлкен ұлы Бекболаттың футболмен әуестенетінін, биыл тағы бір ұлы бірінші сыныпқа барғанын жақсы біледі. Оның ұлдарын өте стильді киінеді деп бағалағандар да болған. Енді, міне, олар Бекболаттың орысша араластырып сөйлегенін айтып, Қарақатқа өз наздарын жеткізді. Себебі, қолданушылар оның ұлы Бекболаттың желідегі парақшасына жазбаларды орыс тілінде жиі қалдыратынын байқаған.

Қарақат ұлының орысша сөйлегенін оның араласатын ортасынан көрді

ФОТО БЕКБОЛАТ БОЛМАНОВТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Желі қолданушысы Абашова Жанар әншінің бір жазбасының астына: «Балаңыз əзер қазақша сөйлеп тұр ғой, ылғи  балаларым таза қазақша сөйлейді деп айтасыз», –  деген пікірін жазған еді.

Бұл сұраққа әнші үнсіз қала алмады. Көп ұзамай Қарақат оған жауап қайтарып, ұлының неліктен орысша араластырып сөйлейтінін түсіндіріп берді.

Қарақат ұлының орысша сөйлегенін оның араласатын ортасынан көрді

ФОТО ҚАРАҚАТТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

 

«Бiз үйде таза қазақша сөйлеймiз, бала қазақ класында оқиды. Бірақ кейiнгi кезде ауладағы балалардан үйренiп орысша шүлдiрлей бастады. Қоршаған ортасы қатты әсер етедi. Тіл проблемасы өте өзектi болып тұрғаны рас… Мемлекет қолға алмаса болмас…», – деп жазды ол отбасындағы осы мәселемен бөлісіп.