Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обамамен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктесКездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан президенті АҚШ президенті Барак Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.