Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

1278
8
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обамамен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктесКездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан президенті АҚШ президенті Барак Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Асем 5 Қыркүйек, 2016 10:34 Жауап

    Елбасыны осылай көре біліп жатқандары үшін қуаныштымыз. АҚШ Қазақстанды енді ғана танып жатқандай, әрине жақсы жағынан.

  2. Дина 5 Қыркүйек, 2016 10:40 Жауап

    Мұнда жаһандық экономиканың, жаһандық саясаттың өзекті мәселелері талқыланады, қауіпсіздік мәселелері бойынша әлемдік, аймақтық істер бойынша ортақ позиция жасалады. Қазақстанға да пайдасы тиер деген ойдамын.

  3. Жазира 5 Қыркүйек, 2016 15:19 Жауап

    Экономикамыздың тұрақтылығы ең алдымен Елбасымыздың еңбегі, сондықтан да дамыған мемлекеттермен арақатынасымыз жоғары деңгейде. Осы алған бетімізден таймай дами берейік.

  4. Қамар 5 Қыркүйек, 2016 15:27 Жауап

    Америка сияқты алып елмен ынтымақтастық қарым-қатынаста болуымызды құптаймын. Бұл ретте Елбасының абыройын атап өткім келеді.

  5. Арман 5 Қыркүйек, 2016 15:34 Жауап

    АҚШ мемлекетімен достастық артық болмаса, кем болмайды. Кездесу кезінде қойылған мақсаттар орындалса, жаңа мақсаттарға жетуге қол жетімді болар.

  6. Жандос 5 Қыркүйек, 2016 15:54 Жауап

    Америкамен тек қана саяси қарым қатынас емес достық арақатынасымызды сақтап келе жатқан Елбасымыздың саясаты даналық деп білемін.

  7. Дариға 5 Қыркүйек, 2016 16:11 Жауап

    Америкамен тек қана серіктес қарым-қатынаста болмай достығымызды сақтап келе жатқанымыз қуантады. Лайым солай болғай.

  8. Аруна 5 Қыркүйек, 2016 16:20 Жауап

    Сенімді серіктес әрі дос болуымыз экономикамыздың тұрақтылығының белгісі деп білемін.

Пікір немесе жауап жазу