БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың туған жері Самарқан мемлекет басшысын жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр деп хабарлайды "Фергана"басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)"Өзбекстан басшысының қазасы жайлы әлі ресми айтылмады. Біздің дерегіміз бойынша, бұл жұма күні кешкісін айтылады. Ал 3 қыркүйек күні 78 жастағы Өзбекстан президентінің денесі жер қойнына тапсырылады", - деп хабарлайды "Фергана".

Басылымының хабарлауынша, президенттің мәйіті салынған үкімет ұшағы Ташкенттен ұшып шыққан көрінеді.

Агенттік жерлеу рәсіміне қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының суреттерін жария етті.

"Суреттер Өзбекстан басшысы әйгілі Шахи Зинда архитектуралық және тарихи ескерткішіне жалғасып жатқан Самарқан мазарында жерленетінін айғақтап отыр. Онда Ислам Каримовтың екі ағасы мен анасы жерленген", - деп жазылған мақалада.

"Фергана" деректері бойынша, 2 және 3 қыркүйекте азалы жиынға қатысу үшін бірқатар ТМД елдері мен алыс шетелден жоғарғы басшылық өкілдері Өзбекстанға келеді. Делегацияның нақты тізімі әлі белгісіз.

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)ФОТО: FERGANANEWS.COM
БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)ФОТО: FERGANANEWS.COM
БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)ФОТО: FERGANANEWS.COM

Ал өз кезегінде, Азаттықтың өзбек қызметі "Озодлик" Самарқанға Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев келгенін хабарлады. Басылымның ақпарына сәйкес қаланың дені жабылған көшелерде мыңдаған аула тазалаушылар жұмыс істеуде.

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)ФОТО: RUS.OZODLIK.ORG

Еске сала кетсек, 28 тамызда Өзбекстан президенті ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болды. Ал 30 тамызда "Ферғана" агенттігі аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Алайда ресми билік Өзбекстан президентінің қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығарған еді.