«Егемен Қазақстан» газетінің Бас редакторы тағайындалды

image

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешім негізінде Амантай Шәріп бас редактор болып тағайындалды, , - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды.

Бұрын осы қызметті қоса атқарып келген Басқарма төрағасының орынбасары Еркін Қыдыр енді газеттің жалпы шығармашылық жұмыстарына басшылық жасайтын болды.

Амантай Жарылқасынұлы елімізге белгілі басылымдарда жұмыс істеген, жоғары оқу орындарында проректор, ұлттық телеарнада басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Сондай-ақ бүгін шығармашылық ұжымға жауапты хатшы қызметіне тағайындалған Асқар Беков те таныстырылды. Ол «Дала мен Қала», «Айқын» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған.