Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты81 келіде жұдырықтасын жерлесіміз жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсиді 3:0 есебімен жеңді.

Ниязымбетов спорттық мансабында осымен екінші рет Олимпиада ойындарының финалына жетіп отыр.  2012 жылғы Лондон Олимпиадасының финалында Әділбек ресейлік Егор Мехонцевтан ұтылған болатын.

Енді Рио финалында Әділбек кубалық үш дүркін әлем чемпионы Хулио Сезар ла Крузбен жұдырықтасады.

Осылайша, финалға шыққан қазақ боксшыларының саны екеуге жетті. Кеше 69 келідегі Данияр Елеусінов те ақтық бәсеке жолдамасын иеленген.