Данияр әріптестерінің өзбектерге жіберген есесін қайтаруы тиіс

Олимпиада ойындарында 69 келіде бақ сынаған Данияр Елеусінов жартылай финалдағы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Данияр Елеусінов Рио финалында өзбек боксшысымен кездеседіЕкінші раундтың ортасында Елеусінов жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Ал төрешілер қабағы жарылған Даниярдың қайтадан жұдырықтасуына рұқсат берген жоқ.

Осы сәтте миллиондаған қазақстандық жанкүйерлердің қандай күйде болғанын түсіну оңай. Себебі, бүгін Қазақстан құрамасының екі боксшысы қатарынан жеңіліп, басты үміт Данияр да жарысты аяқтайды ма деген ой келді.

Әйтсе де, төрешілер қазақ боксшыларының да пайдасына жұмыс істеп,  қолғаптың сыртымен ұрған француз Сулейман Сиссокконы жарыстан шығарды. Ереже бойынша есепте алда келе жатқан боксшыға жеңіс беріледі.

Осылайша, онсыз да айқын басымдықпен ұтып жатқан Елеусінов Рио Олимпиадасының финалына шықты. Тек, біздің боксшының аздаған жарақаты бар.

Vesti.kz-ке сұхбат берген бас бапкер Мырзағали Айтжанов Даниярды франциялық бапкерлердің "супер боксшы" деп атағанын айтты. Олар қазақ боксшысының өнеріне тәнті болған.

69 келідегі финалдық сында Данияр Елеусінов өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен Олимпиада алтыны үшін таласады.