Рио-2016: Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит күміс жүлдегер атанды

Бөлісу:

Бокстан 91 келі салмақтағы финалда бақ сынаған Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бір қызығы, қарсыласын қуып жүріп сабаған Левитті төрешілер жеңімпаз деп санаған жоқ.

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды91 келі салмақтағы бокс бәсекесінің финалы спорттың саясат екенін тағы бір дәлелдеп берді. Қазақстандық Василий Левит ресейлік Евгений Тищенконы қуып жүріп сабап, сау-тамтұғын қалдырмаса да төрешілер Тищенконың қолын көтерді. Расында, бұл Олимпиада ойындарындағы ақылға қонбайтын шешімдердің бірі еді.

Рио ойындары үлкен спорттың үлкен саясат екенін тағы аңғартты. Левит өзінен бойы ұзын қарсыласына шаршы алаңның бесінші бұрышын іздетіп жіберсе де, Тищенконы бірнеше мәрте құлатса да, ресейліктің бет-жүзінен сау жерін қалдырмаса да, төрешілер қарсыластың қолын көтерді.

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атандыЖекпе-жекте Левитке бір соққы да дарыған жоқ. Тіпті, қазақстандық боксшының бетінде бірде-бір соққы ізі болмағаны анық байқалды. Алайда, төрешілер тағы да сол Тищенконы чемпион деп тапты. Шыны керек, шаршы алаңда Евгений Тищенконың аяғын әрең басып жүргенін төрешілерден басқасының барлығы көрді.

Мұның үлкен саясат екені белгілі. Себебі, әлемдегі ірі спорттық держава саналатын Ресей құрамасы бұл Олимпиадада өте сәтсіз өнер көрсетуде. Сондықтан, қалайда ресейлікті алтынға сүйреу қажеттігі айтпаса да түсінікті жайт.

Осы бәсекені тамашалап отырған АИБА президент Чинг Куо Ву мен Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бахты операторлар қайта-қайта көрсетті. Шенділер талай жыл тер төккен спортшылардың үмітін осылайша сөндіргенін сезбеген де шығар.

Олимпиаданың ашылу салтанатында ант берген төрешілер де, спортшылар да, бапкерлер де сөзінен тайқып кетті. Рио шаршы алаңының жанкүйерлер үшін қызығы қалған жоқ.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Роллан 16 Тамыз, 2016 09:35 Жауап

    Президенті жоқ елде спорттық іс шара өткізген осылай болады. Басшысы жоқ елде қатындық тірлік болатыны дәлелденді

  2. Айдос 16 Тамыз, 2016 11:32 Жауап

    Лебзяк Ресей мен Казакстан бip мемлекет одна страна дейдi. Кайдагы. Казак елi болек мемлекет озiнiн жерi елi тiлi бар. Алде лебзяк ссср деп журме ол ссср баягыда келмеске кеткен. Ендi peceйде путинде Казакстанды ешкашан жаулай алмайсындар. Казак ендi ешкaндай елдi басындырмайды. Корермендер Казактар залда адiлетсiздikтi kopiп ду котерiлдi. Kaзак оянды. Казакстан жассасын! Алтын бiздiki. Peceйдiн маскасы шешiлдi.

  3. Акмарал Назарова 18 Тамыз, 2016 01:02 Жауап

    91 келі салмақта күш сынасқан қазақстандық боксшы василий Левит пен ресейлік Е.Тищенконың жекпе-жегін бүкіл қазақ елі көрді! Бүкіл әлем көрді. Біз де отбасымызбен отырып көрдік. Жеңіс Василий Левиттікі! Сондықтан оның шеберлігін жоғары бағалауымыз керек.Төрешілердің шығарған шешімі өте әділетсіз. Біз оған келіспейміз, Наразымыз! Левит алтын медальға лайық! Ол – халық чемпионы! Ал АИБА-ның вице-президенті Серік Қонақбаев ұялмай-қызармай қалайша өз елінің чемпионына күміс медаль ұсынып тұр? Оның отаншылдық сезімі қайда? Қалай десек те В.Левит – жеңімпаз. Ол – халық чемпионы, халық батыры. Ал Риоға барған телекомментаторларға тіптен көңіліміз толмады. Әсіресе , Ғалым Сүлеймен деген комментаторға. Өз елінің чемпиондарының мәртбесін көтеріп отырудың, орнына қай-қайдағыны айтып лағып кетеді, онымен қоймай өзге елдің спортшыларын мақтап отырады. Басқа дені дұрыс, спорттан хабары бар тілге бай, жастау журналист табылмады ма? Бұлар баяғы СССР-дің ескі сарынымен сөйлейді, бокстасып жатқан адамдар туралы айтпайды, Тағы бір айтарымыз Қайрат Ералиев пен Олжас Саттыбаев та әділетсіздіктің құрбандары болды. Осыған Серік Қонақбаев қалайша дәті шыдап көзін жұма қарап отыр? Осы мәселені қайта қарауды қолға алуын талап етеміз! Әйтпесе қызметінен өз еркімен кетсін!

  4. Акмарал Назарова 19 Тамыз, 2016 01:56 Жауап

    Данияр, жарайсың! Таза жеңіс! Құттықтаймыз! Спортта бағың жана берсін!
    Әділбек, спн де жарайсың! Нағыз қазақ батырлары жасайтын ерліктің үлгісін көрсеттің! Сен алған күміс медалің алтынға бергісіз. Еш мойыма! Әрқашанда осы намысшыл қайсар мінезіңнен танба! Алға, Әділбек! Сен біз үшін чемпионсың! :unatu:

  5. Ореке Джанабай 19 Тамыз, 2016 01:59 Жауап

    Әділбек, жарайсың! Жеңісіңмен құттықтаймын! Сен біз үшін нағыз чемпионсың! Сен еркексің! Жеңісті күндерде жолыққанша!

  6. Акмарал Назарова 20 Тамыз, 2016 02:01 Жауап

    Жарайсың, Дариға! Сен намысты қолдан бермедің. Қазақ қызы деген атқа лайықсың. Нағыз қазақ қызы деген атқа лайықсың! Нағыз қазақ қызы тура сен сияқты болуы керек. Біз сенің Шилдспен жекпе-жегіңді көріп, әр бір қимылыңды қалт жібермей қарап отырдық. Сен үшін жүрегіміз ауырып, сенің тілеуіңді тілеп отырдық. Ел қоржынына түсірген қола жүлдең құтты болсын! Алған медалің қоладан болса да, жүрегің алтын қыз екенсің. Қола қызын қашан да сүйеді елі, Дариғаның ерлігін біледі елі. Риодағы додада қола медаль – кез-келген бола бермес жүлдегері! :unatu: Әрқашан жеңіс тұғырынан көріне бер!

Пікір немесе жауап жазу

он алты + 5 =