Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы қазақстандық боксшыдан жеңіліп қалды

Рио Олимпиадасында 75 келі салмақта сынға түскен Жәнібек Әлімханұлы әзірбайжандық боксшыдан ұтылып қалды.

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы қазақстандық боксшыдан жеңіліп қалдыАлғашқы екі кезеңде барлық жанкүйерлерді сүйсінткен Жәнібек үшінші айналыда адам танымастай өзгерді. Сылбыр қимылдаған қазақ боксшысы тек үшінші раундта ғана ширақ қимылдай бастаған. Алайда, жеңіс үшін бұл тым кеш болды.

Төреші әзірбайжандық Камран Шахсуварлының қолын көтерді. Камран Ақтөбе қаласында дүниеге келгенін еске саламыз.

Осылайша, Қазақстанның алтыншы боксшысы Олимпиаданы аяқтады.Жанкүйерлер Жәнібектен үлкен үміт күткен еді. Бірақ біздің боксшы ел сенімін ақтай алмай, айтарлықтай атақ-дәрежесі жоқ боксшыдан жеңіліп қалды.

Жәнібек Әлімханұлы 2013 жылғы әлем, 2014 жылғы Азия және Азия ойындарының чемпионы.