ЖАРАЙСЫҢ, ВАСИЛИЙ БАТЫР!

"Енді қазақша айтып жіберіңізші?" деп сұрай алмаған қазақ журналистеріне қарным ашты...

photo_192128 Қазақ боксшыларынан алғашқы болып ақтық сынға өтіп, Олимпиада ойындарының финалына шықты 91 келіде сынға түскен боксшы Василий Левит кубалық Эрисландо Савонды лайықты жеңе білді. Бұл Савон әйгілі аңызға айналған куба тарланы, 3 рет Олимпиада чемпионы, 6 рет әлем чемпионы атанған Феликс Савонның туысы екенін ойласақ, тартыс оңай болмағаны заңды. Бұрын Бүкіл"лемдік бокс сериясы бойынша бәсекеде   Левит осы  Савоннан жеңіліп қалған еді. Енді,  Олимпиада ордасында  есесін жақсылап қайтарды. Енді Василий ресейдің белгілі боксшысы  Евгений Тищенкомен алтынға таласады. Ол да оңай "жау" емес... Яғни, Василийге күшін еселей түсуге тура келеді. Жалпы, Левиттің бар қарсыласы мықты болып келеді... Рио Олимпиадасына дейін  қазақстандық боксшылар 91 келі салмақта  жоқ еді... Алғашқы болған Василий алғашқы болып, ақтық сынға өтті. Жарайсың, Василий!  Жалпы, мен Василий  батырға қатты ризамын!  Тек қазақ журналистеріне қарным ашты...  Василийден сұхбат алып тұрып:  "Енді қазақша айтып жіберіңізші?"-деп сұрай алмағаны үшін...  Сонда Жазира Жаппарқұл, Қайрат Ерәлиев, т.б. қазақ спортшыларынан  "орысша айтып жіберіңізші" -дейтін орыстілді журналистердеен кем бе бұлар... Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды емес пе? Мемлекеттің атынан шығып жатқан спортшы  мемлекеттік тілде жауап бере ме, бермей ме, ол өзіне байланысты. Ал қазақ журналистері спортшы ма, саясаткер ме, министр-әкім бе, міндетті түрде қандай ұлт өкілі болса да, "қазақша айтып жіберіңіз"-деп сұрауы тиіс! Мемлекеттік тілді  енді 2050-де сұрауымыз керек пе?!. Аламанда алтындарымыз көбейіп, Көк туымыз көкте желбірей берсін! Қазыбек ИСА qazaquni.kz