Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

91 келіде сынға түскен боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты деп хабарлайды NUR.KZ. Ол қазақ боксшыларының арасында алғаш болып ақтық сынға өтті.

Василий Левит кубалық Эрисландо Савонды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Енді финалда қазақстандық боксшы ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасады.

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Естеріңізде болса, Левит Бүкіләлемдік бокс сериясының аясында Савоннан ұтылып қалған болатын. Осылайша, қазақстандық боксшы өзінің әккі қарсыласынан Олимпиадада есе қайтарды.

Василий Левит Олимпиада ойындарының финалына шықты (фото)

Жалпы, қазақстандық боксшылар Рио Олимпиадасына дейін 91 келі салмақта жазғы ойындарға қатысқан жоқ. Ал осы салмақта алғаш болып Олимпиадаға жолдама алған Левит Олимпиаданың финалында өнер көрсетпекші.