Рио-2016: 12 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі

12 тамыз күні Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сайыстың алты түрінен сынға түседі деп хабарлайды BAQ.kz.

Рио-2016 күнделігі: 12 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі17:30-да біздің ескекші Владислав Яковлев «Лагоа» стадионында академиялық есуде финалдық бәсекеге түседі. Ол - халықаралық санаттағы спорт шебері, жасөспірімдер арасында 2010, 2011 және 2012 жылдардағы Азия чемпионы.

18:00 сағатта академиялық есуден өтетін финалдқ бәсекеде қазақстандық спортшы Светлана Германович өз бағын сынамақ.

18:00-де нысана көздеуден 50 метрлік жатып атудан мықтылар анықталады. Біліктілік сайысында біздің елдің намысын былтыр Қазақстан рекордын жаңартқан Юрий Юрков қорғайды.

18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. 34 саңлақ сынға түсер сайыста А тобында біздің отандасымыз Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады. Соңғы жылдары Лобутов Қазақстанда ешкімге дес бермей келеді. Бірақ Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін жолдама алады деп ешкім ойламаған еді.

22.30-да 75 келіге дейінгі салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, еліміздің мақтанышы Жәнібек Әлімханұлы алжирлік өрен - 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді.

23:30-да Понтал муниципалитетінде спорттық жүрістен жарыс өтеді. Ерлер арасындағы 20 шақырымдық додаға біздің елдің атынан Георгий Шейко шығады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 20 шақырымдық сайыста 35-орынға ие болған жас өрен биыл қалайда орын иеленуді көздейді.