Үкімет Жер мәселесін талқылауды көзбояушылыққа айналдырды

image

Алғашында үкімет жерді сатамыз, шетелдіктерге жалға береміз, орта мектепте үштілділікті еңгіземіз дегенді шығарып еді. Бүкіл қоғам дүр сілкініп, қарсылық танытты. Рас, бұндай толқудан соң шенділер сабасына түскендей болды. Түйткілді мәселелер бойынша қоғамдық талқылаулар өткіземіз, наразылық білдіргендерді қудаламаймыз, ел мүддесін назарға аламыз дегенді алға тартты. Тіпті, кейбіреуіміз бұған сенгендей болдық.

Шындығында ешбір райынан қайту болған жоқ. Тағайындалған талқылауларды біртіндеп көзбояушылыққа айналдырып, оның арасында мемлекет үшін ең маңызды құндылықтарды қорғап шыққан белсенділерге, арын жоғалтапаған ақпарат құралдарына қысым жасады. Даудың басы болған Жер мен Тілге қатысты ұстанымынан үкіметтің еш айнымағаны белгілі болды. Таңғалатын нәрсе бар ма? Меніңше, жоқ. Ал шенділер берген уәдесінде тұрса, халықпен кеңесіп мәселені өркениетті шешсе, таңғалар ма едіңіз?

Расул Жұмалының Фейсбуктегі парақшасынан алынды