Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі

Бүгін Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледіБрасс әдісімен 200 метр қашықтықта суға жүзу жарасында қазақстандық спортшы  белгіленген қашықтықты 2:07:46 уақытта жүріп өтіп, бірінші орынға ие болды.

Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал үшінші орын ресейлік Антон Чупковтың еншісінде.

Жүзуден соңғы ақтық сайыс Астана уақытымен 7:00-те басталды.

Осыған дейін Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниджат Рахимов қос сайыстық қорытындысы бойынша 379 келіні бағындырып, алтыннан алға тағынды. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын болды.