Енді қоғам қайраткерлері де желіге жалаңаш суреттерін жариялайтын болды

Ғани Қасымов үнемі тастамай тағатын алтын тұмары туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір күн бұрын экс депутат Ғани Қасымов жартылай жалаңаш суретін жариялап, желі қолданушыларын қайран қалдырған болатын. Қыз қауымы ғашық болып қалғандарын айтса, енді бірі оның алжығандығын тілге тиек етті. Арасында мойнындағы алтын алқасына қызығушылық білдіргендер болды. Тіпті жұрт осы алқадан кейін оны масондардың бір мүшесі деп ойлап қалған.

“Сіз масонның бір мүшесісіз бе?”, “Жап-жас шал, ал аксессуарлары керемет”, “Алтынға малынып тұр ғой өзі”, “Сағаттан өзге қандай тұмарлар тағып алғансыз?”, “Қайдағы масон! Бұл алтыннан жасалған тұмар”, “Күлкімді келтірмеңдерші! Қайдағы алтын тұмар. Тұмар тағу – үлкен күнә” дейді желі қолданушылары.

Тұмарға қатысты 200-ге жуық сұрақ қойылғандықтан, Ғани Қасымов оның құпиясын өзі ашуды жөн көрді. Ол мұның расымен де алтыннан жасалған тұмар екенін айтты.

“Көп адам менің мойнымдағы алқама қызыға қараған екен. Бұл – балаларым 50 жасыма сыйлаған алтын тұмар. Оны аты әлемге әйгілі, зергерлік бұйымдар жасаудың нағыз шебері, халық суретшісі, Зергерлер одағының төрағасы Ілияс Сүлейменов жасаған. Бұл зат мен үшін бағ ажетпес асылдардың бірі. Ал оған қатысты ойдан шығарылған аңыздарыңыз бен шындыққа жанасатын нұсқаларыңыз көңіл-күйімді әбден көтерді”, – дейді Ғани Қасымов.

Көпшілік экс депутаттың сөзін қостап, тамаша сыйлық екенін айтты. Мұнымен қатар, ішінде Құран сүресінің жазылғанын айтып болжағандар да болды. Арасында кейбірі сүрені жаттап жүруге кеңес беріп жатты.