Риода «Маракана» маңындағы метро стансасында бандиттер пойызға шабуыл жасады

Олимпиада-2016 ашылуы салтанаты өткен «Маракана» стадионынан небәрі үш аялдама жерде орналасқан метро стансасында белгісіз адамдар оқ жаудырды,- деп хабарлайды Қазақпарат. Полицияның хабарлауынша, бандиттер пойызға шабуыл жасаған.

Сол кезде олимпиадалық веложарыс жолының қасында саперлер бақылауымен жарылыс жасалған, деп хабарлады ТАСС. Ерлер жарысы жолында жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған, ұйымдастырушылар саперлерді  шақырды. Веложарыс жолы ауданын полиция жауып тастады.