Олимпиадада еліміздің көк туы көтерілді

Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді. Бұл туралы munara.kz хабарлайды. 

13923637_1071925032901868_5142124481509853896_o

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Риодан хабарлады.

Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті.

Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков олимпиадалық қалашық басшысына естелік сый тарту етті.

Айта кетейік, 5 тамызда ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде. Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды.