Журналист: Тілдің қорлығынан қашан құтылады екенбіз…

Бөлісу:
11401490_10204501612680539_4261171887259258496_n

Өміржан Әбдіхалықұлы

Жаңа бір хабарландыру көрдім. Жұмысқа тұру үшін орыс тілінде еркін сөйлеп, жаза білуің керек екен. Қарап отырып қорланасың. Тілдік құқыңның күн сайын әр жерде тапталып жатқанын айта бастасаң, бәрі мұрнын тыржитады. Жақтырмайды. Сені ешкім тыңдағысы келмейді. Сен өзіңді және өз тіліңді ешкімге керексіз, басқаларға кедергі келтіріп тұрғандай сезінесің. Ресми орындардың (билік) екі тілде сөйлейтін жұртқа екі түрлі қатынас ұстанатыны анық көрініп тұрады. Қазақша сөйлесең олар саған жүре жауап береді. Тіпті кейде сенің сауалыңа, ұсынысыңа жауап беруді қажет деп есепемейді. Өйткені, қазақ даукес, жақсылықты білмейді, бір нәрсені сараптап орнықты ой айта алмайды, қашан көрсең, ұлт, тіл деген ұлттық тақырыптарды ғана айтып қақсай береді деп ойлайды. Тілдің қорлығынан қашан құтылады екенбіз… Бұл бір арман болды. Бір тіл – бір мемлекет болмай ештеңе көгермейді, қалғаны бос әңгіме.

Өміржан Әбдіхалықұлы,

Фейсбук парақшасынан алынды

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Өміржан Әбдіхалықұлына 28 Шілде, 2016 10:39 Жауап

    Тілді айтқанда пәледейсің, ал, өзің неге Көк Байрақты терісінен ұстап тұрсың. Тілдің оңбай жатқаны да Тудың қисайыңқырап тұрғандығынан

  2. Алихан 29 Шілде, 2016 16:42 Жауап

    Биздын конституцияда орсысша тилды алыптастау керек, сонда бары озимен озы жайлап орыс тили кетеды!

Пікір немесе жауап жазу

15 − он =