Миллиондаған гектар жер иеленушілер туралы шындық ашылмай жер проблемасы шешілмейді

3195
36
Бөлісу:

 

69b993da2912628eb81f7f402931383f

Қадірлі жер мүддесі туралы жиынға бас қосқан бауырлар!

Өткен жиындарда біз санаулы ғана адам «Жер шетелге сатылмасын, жалға да берілмесін және өз адамдарымызға да сатылмасын, оларға жалға беруге ғана болады» – деген пікірге табан тіредік. Бұл пікірден бізді ешкім трактормен сүйреп шығара  алмайды. Өйткені жердің шетелге жалға берілуі және өз қалталыларымызға сатылуы – болашақта Қазақстан мемлекетінің ыдырауына, қазақ ұлтының жойылуына кең жол ашады.

Ұлттық экономика министрлігінің Құрлыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстары басқару комитеті басқармасы бастығының 2016 жылдың 4-мамырындағы сөзі мынау:

«Қазақстан жерінің жалпы аумағы – 272 миллион гектар. Оның ішінде ауылшаруашылығына пайдаланып жүрген жер – 100 миллион гектар, бос жатқан босалқы жер – 100 миллион гектар. Жер 2003 жылдан бері сатылуда. Сол жылғы жер кодексі қабылданғаннан бері жердің 3 миллион гектары жеке меншікке сатылған. 65 мың гектар жер шетелдіктерге жалға берілген. Шамамен 1,7 миллион гектар жер алғашқы сатылуға дайындалып жатыр».

Енді Мұхамедкәрім Қажырбайұлының мәліметіне тоқталалық: «Еліміздің барлық көрікті жерлері әлдеқашан сатылып кеткен. Бәрінің сырты шарбақпен қоршалған. Ішіне мүлдем кіргізбейді. Кіргізетіндері әкесінің құнын сұрайды. Мысалы, Көкшетаудағы «Бурабай» Шымкент қаласы маңындағы «Машат» шатқалы Маңғыстаудағы «Ақмыш» пен «Талшалы»...

Ал өз рухтасымыз Дос Көшім былай дейді: «Біз  қазір Қапшағайдың жағасына барып суға түсе алмай қалдық, балық аулай алмай қалдық. Алакөл, Балқаш бәрі солай. Бөгенбай, Қабанбайлар тіріліп келсе, бетін де жуа алмайды Қапшағайдан, өзінің қорғаған жерінен. Міне 2003 жылы жер жекеменшікке еніп, халықтың көрген күні осы».

Қызылорда облысында өткен Жер реформасы бойынша өткен қоғамдық комиссияның отырысында журналист Жанарбек Әшімжан ірі жер иеленушілер туралы ақпаратты ашық түрде жариялау мәселесін көтерді: «Райымбек ауданының өзінде барлық жерді төрт-ақ адам бөліп алған. Ел қыстаудан жайлауға көше алмайды. Жолға дейін меншіктеп алған».

Мен осыдан 12 жылдай уақыт бұрын Республика парламентінде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы жердің едәуір бөлігі Араптарға жалға берілгенін, олардың ол жерді түгелдей қоршап алғанын мәлімдеген болатынмын. Ал, Төбеби ауданы, Қасқасу ауылының табиғаты әсем жерлерін бір қалталы адам жекешелендіріп алыпты да, оның үлкен бөлігін Араптарға 49 жылға жалға беріпті.

Жер комиссиясының мүшесі Жанұзақ Әкімнің пікіріне жүгінелік. «1994 жылы Қазақстанның 10 миллион гектардай жерін Ресей әскери полигоны ретінде 80 жылға жалға алды. Ол полигондардың аймағында онкологиялық аурулардың деңгейі орташа статистикалық деңгейден 10-12 есе,  ана мен бала өлімі 2-3 есе  жоғары. Қазақстанның ішінде Ресейдің полигондары мен әскерінің болуы – ол аннексияның бір түрі. Елдегі қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында Ресейдің Қазақстандағы әскери полигонын жауып, ондағы әскерді елден шығару мәселесін қойды».

Тағы бір маңызды мәселе: «Жер туралы шындықты айтқан Макс Боқаев пен Талғат Аянды түрмеден босатуды талап етеміз»!

Жуырда: «Жердің ірі иеленушілері туралы  ақпарат, мемлекеттік құпиялар қатарына жатады, яғни ол жайлы арнайы заң бар. Жердің иесі жайлы ақпаратты меншік иесінің келісімі бойынша ғана жариялауға болады» – деген пікір айтылды.

Елміздің үлкен қалталылары, үлкен ұрылары өздерінің жағдайларын жақсы қарастырған екен. Ондай әділдік абыройынан жұрдай заңды бәріміз бірлесіп «о дүниеге аттандыруымыз» керек.

Мәселен,  барлық таулардың етектеріндегі шұрайлы жерлерді үлкен билік басындағылардың жақын туыстары, інілері, қыздары жекешелендіріп алған. Егер ол мәліметтер жарияланса, миллион гектар жер иеленген Терещенконың өзі далада қалуы мүмкін. Бұл саладағы шындық ашылмай, елімізді үлкен қауіпке бөлеген жер проблемасының шешілуі мүмкін емес.

Мұхтар ШАХАНОВ,

Жер комиссиясының мүшесі

23-шілде 2016ж. Атырау

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 36 пікір жазылған

  1. Ахмет 26 Шілде, 2016 14:32 Жауап

    Неге осы жазбаны баска барлык басылымдар,тв.коширип кобейтип баспайды.жай осек болса биринши басар еди.

  2. Майра 26 Шілде, 2016 14:37 Жауап

    Өте дұрыс мен қосылам енді оны білу архивте тұрған құжаттардан білуге болады. Бір адамнын атында қаншама жер алынып сатылған. Ол кімнің туысы екенінде сотап қайтару керек.

  3. Ергеш 26 Шілде, 2016 15:19 Жауап

    Мұхтар ағамыздың комиссия мүшелігінде болғаны қатты қуантады, бірақ мынандай дәлелсіз ақпаратты қайдан алып отыр? сонда жай бір журналисттің сөзіне сене беруіміз керекпа?

  4. Ахмет 26 Шілде, 2016 16:00 Жауап

    Қалай болса да сабыр сақтайық. Бәрі жақсы болады, аудандарға барып, қариялардан жақсы ойлар естуде. Соның бәрін білу үшін ел аралап жүр ғой. Комиссия жұмысын әділ және халыққа пайдалы қылып шешеді, себебі Президенттің бұйрығы солай болды!

  5. Олжай 26 Шілде, 2016 16:01 Жауап

    Ол тізімді ешкімде жарялай алмайды, ол үшін жаңа заң қабылдау керек. Жаңа заң ғана ескі заңның күшін жояды.

  6. Қанат 26 Шілде, 2016 16:06 Жауап

    Тым эмоцияға салынбайық. Барлығы сараланып комиссияда қаралып жатыр. Сабырлықпен шешіледі деген ойдамын.

  7. Ернат 26 Шілде, 2016 17:05 Жауап

    Алдында комиссия мүшелерінің бірі жерді жалдап немесе жеке меншікке айналдырған азаматтардың есімін жариялау керек деген ұсыныс жасаған болатын. Мен қолдаймын.

  8. Асыл 26 Шілде, 2016 17:06 Жауап

    Мұхтар аға әрқашан жасқанбай, өз ойын тура айта салады. Комиссия мүшелерінің құрамында осындай кісілердің болғаны қандай жақсы.

  9. Асхат 26 Шілде, 2016 17:09 Жауап

    Тізімді жаряилау үшін жер иеленушілерден рұқсат алу керек. Заң бойынша бұндай ақпарат жасырын болу керек екен. Бірақ барлығының тілегі осы болған соң, мүмкін комиссия мүшелері заңды өзгеруге тырысып көрер.

  10. Лейла 26 Шілде, 2016 17:14 Жауап

    Комиссия отырыстарында көптеген мәселелер қаралып жатыр, сондықтан шешім шықпай жатып теріс ойдан аулақ болайық

  11. аноним 26 Шілде, 2016 17:20 Жауап

    Қай ақпаратқа сенетінімізді білмей қалдық. Әлі шешім шыққан жоқ, бірақ шешім шыққандай айтып жүрміз.

  12. Олжас 26 Шілде, 2016 17:38 Жауап

    Асқар ағамыз барлығын тыңдап барып саралап шешім шығарамыз деді, сондықтан күтейік.

  13. Нурлан 26 Шілде, 2016 17:40 Жауап

    Сатылган, латифундияга , шетелдиктерге жалга берилген жерлер халык меншигине кайтарылуы керек!! Жер ар адамнын улесинде болганы дурыс. Ужымдасса улкен алкап болады.Жумыс жасай бер. Оним ала бер. Артыгын сат. Кунинди кор. Жермен жумыс истегендер , одан нан жеп отбасын асырагандар жермен оседи, оган барлык уакытта курметпен карайды.

  14. аноним 26 Шілде, 2016 17:41 Жауап

    Комиссияда мүше болып демалыс күндеріне қарамастан жұмыс жасап отырған ел ағаларына сенемін

  15. Меңдібай 26 Шілде, 2016 19:21 Жауап

    Сол жерлерге еге болған адамдардың тізімін үкімет жарияласын. Несіне жасырады ?

  16. раушан 27 Шілде, 2016 01:01 Жауап

    Нурсултан Назарбаев мырзага’Тауелсыз елмыз деп жургенде мынадай жагдайды есытып жагамды устадым.Халыкпен санаспай жерды неге сатасыз?Ата бабамыз каны тогылып аш калып осы жерды алып калган жокпа?Жерды елды коргап калган ата бабамыздын аруагынан корыкпайсызба?Жанеде сызде ет пен тырнактан жаралган пендесыз,ешкым мангы емес,осылай журе бермейсыз,корыкпайсызба?келешегы казактар шетелдыктен жабыр корсе ,оз елынде дурыс журе алмаса сыз каргыс пен сөгыс аласыз.Ал халыктын наласына калган адам тубынде еш онбассыз деп ойлаймын.Аледе кеш емес шетелден келген келымсектерды оз елыне кайтарыныз.Сонда гана казак елы тыныш омыр суреды аландамайды.Халыктты катты аландатып койып калай отырсыз ?Барыде оз колынызда.

  17. Əмина 27 Шілде, 2016 07:15 Жауап

    Бұл өмірге ірі тұлғалар белгілі бір миссиямен келетіні белгілі. Ғалымдардың өзі мойындап отыр. Менделеев те таблицаны түсі арқылы көріп ашқан дейді. Шаханов ағамыз да өз ыхтиярымен, шаршамай, осындай ауыр да қиын жолда жүруі Алланың құдіреті деп түсінемін. Көлеңкесінен қорқатын, жақсылығы қара басынан артылмайтын, құлқынының құлы көптеген бастықсымақтарға жұғысты болсын, үлгі болсын.

  18. Эльмира 27 Шілде, 2016 12:27 Жауап

    Бұл сөздің де жаны бар,шыңдықтты щырақтай білетін Мұхтар ағам аман болсын!

  19. Садуакас 27 Шілде, 2016 23:25 Жауап

    Аталган онирлерин акимдери рас,не кате деп неге айта алмай отыр.Соган караганда аталган жерлердин кожамы озгергени шындык болганыда

  20. Мұрат 31 Шілде, 2016 02:43 Жауап

    Мұқтар ағамыз дұрыс айтады,жер халықтікі жоғарыдағы атқа мінерлер неге білмейді,сондықтан аға айтқандай,халық алдында есеп беру шын болу керек. :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

1 × бес =