Ильин: Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды, еш зауқым соқпайды

Допинг дауына ілігіп, Олимпиададан шеттетілген Илья Ильин қазіргі уақытта жаттығуларын тоқтатып қойғанын Проспорт порталына берген сұқбатында айтып қалды.

Ильин: Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды, еш зауқым соқпайды

"Мен де адаммын ғой. Уақыт өте эмоциялар басылды. Қазір барлығы жақсы. Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды. Еш зауқым соқпайды. Бірақ залға барып тұрамын. Жігіттер мен қыздарға қолдау көрсету үшін. Қазір қастарында болмасам да телефонмен жиі хабарласамын.

Допинг мәселесіне келетін болсақ, әзірге ештеңе айтқым келмейді. Әлі ерте. Барлық сұрақтарға жауап табылғанда мен міндетті түрде сіздердің бастарыңызды қосып айтып беремін. Сондықтан "Тур де Франс" аталған үлкен спорт мерекесінен ләззат алайық.

Тек қана білімім, тәжірибем зая кетпесе екен деймін. Ауыр атлетикада ғана емес, жалпы спорт саласында еңбек еткім келеді", - деп ойын түйді ауыр атлет.