ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАС ЭКТРЕМИСТ 17 ЖАСТА

«Қазақстандағы ең жас эктремист 17-29 жас аралығындағы азаматтар» деп ҰҚК сілтеме жасай отырып,  NewTimes.kz сайты жазады.

ҰҚК-ның дерегі бойынша, Қазақстандағы экстремизмге қатысы бар азаматтар шетелдік идеологтардың интернет арқылы тарататын терроризм мен экстремизм идеяларымен арбалса, енді бір бөлігі бұрын жасаған қылмысы үшін түрмеде отырғанда сол жерден терроризм мен экстремизм идеяларымен уланып шығады екен.

ҰҚК-ның мәліметіне қарағанда, экстремизмге жақын немесе соған қатысы бар адамдардың 55% 17-29 жас аралығындағы жастар болса, 35% 30-39 жас шамасында ала 10% 40 асқан адамдар. Бұлардың жалпы санымен алып есептегенде, 12% бұрын бір немесе бірнеше рет істі болып, сотталғандар. Ал, мұндай радикалдардың 56% орта білім алған болса, 16% да орта кәсіптік білімі бар, 18 % жоғарғы білімді. Жалпы санға шаққанда мұндай адамдардың 6% ғана медресе дәрісін тыңдаған. Радикалды бағытқа түскен жастар дені әлемеуттік жағдайы төмені және әкесіз я шешесіз өскен отбасында өскен.

2010-2016 жылдар аралығында ҰҚК мен құқық қорғау органдары бірлесе отырып, 42 радикалды топтарды жойған.

NewTimes.kz сайты ҰҚК сілтеме жасай отырып жариялаған бұл ақпаратта «радикалды топтардың бір бөлігі бұрын жасаған қылмысы үшін түрмеде отырғанда сол жерден терроризм мен экстремизм идеяларымен уланып шығады» делінсе, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев түрмеге түскен адамдар ол жерде діни радикалды ағымдардың ықпалына түсіп кетеді дегенді жоққа шығарып, діни радикализммен сотталған азаматтармен кешенді және жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін айтты деп zakon.kz жазады.

Нұра Матай

Abai.kz