АЛМАТЫДАҒЫ АТЫСТАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ АТЫ-ЖӨНДЕРІ МЕН СУРЕТТЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

1160
4
Бөлісу:

 

Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Полицияның мәліметінше, қаладағы атыстардан қаза тапқандар:

Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы – ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылғы. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы – полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылғы, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, қызы бар.

Ғалиев Аян Ерболғанұлы – полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясының 2-ші батальонының полицейі, 1974 жылғы, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, екі қызы бар.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда «Жедел ұстау» арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды», – делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланған.
«Қамшы»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Ақан Жақып 18 Шілде, 2016 19:15 Жауап

    Марқұмдар иманды болсын. Артында қалған үй іштеріне ғұмыр, береке берсін.

  2. Полиция 18 Шілде, 2016 21:12 Жауап

    Зан жумсак! Тартип бузбаса токтатуга болмайды, тексеруге болмайды. Мине сонын натижеси. Автоколикке толтырып кару жарак салып алып журе беруге болады. Жолда журу ережесин бузбасан, сени ешким токтата алмайды. Баягы пост гаидын биреуи де жок. Откен айда Кызылордадан Астанага коликпен барып келдим. Барып келгенше ешким токтаткан жок. Жургизушилик куалигинен айрылгандар да жур айдап, тек жолда журу ережесин бузбаса болды. Полиция кызметкерлери токтатса балеге калады. Причина остановки??? Сонында жумыстан куылады. Шет елде былай екен, бизде солай истеиик. Еликтеп жургенде, шет елдеги жагдайлар бизде де орын алып жатыр. Натижесин корип отырсыздар

  3. Ербулан 19 Шілде, 2016 05:35 Жауап

    Алла халкымыздын амандыгын, тыйыштыгын берсин. Ел ушин маркум болган азаматтар иманды болсын. Аумин :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

4 + он үш =