Ниццадағы теракті кезінде Қазақстан азаматы қаза болды

Ниццадағы теракті кезінде қазақ болғандардың бірі Бельгияға қоныс аударған Қазақстан азаматы Наталья Отто екені белгілі болды.

Ниццадағы теракті кезінде Қазақстан азаматы қаза болдыРОМАН И НАТАЛЬЯ. ФОТО: REN.TV

Бұл туралы "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, қазақ болғандардың арасында оның жұбайы Романда болуы мүмкін.

"Натальяның мәйіті табылды. Алайда оның күйеуі Роман не тірілердің не қаза болғандардың арасында жоқ. Жұбайлардың артында 16 жастағы қызы қалды", - деп жазады басылым.

Антверпенде Наталья Отто кішкентай балаларға арналған орыс мектебіне басшылық еткен.

"Наталья Дмитриевна керемет ұстаз болатын және шығармашылықты жаны сүйетін. Ол шіркеу жанында бүлдіршіндерге арнап орыс мектебін ұйымдастырып, үнемі уақытын балалармен өткізетін. Оны барлығы жақсы көретін. Біз оған не болғанын естігенде тіпті есеңгіреп қалдық", - дейді басылымға бельгиялық қалашықтағы орыс шіркеуінің басшысы Дмитрий Сизоненко.

Сол арада РИА Новости-ге берген сұхбатында Дмитрий Сизоненко Натальяның Қазақстан азаматы екенін айтты.

"Оның бельгиялық азматтығы жоқ. Ол - Қазақстан азаматы", - дейді Дмитрий Сизоненко.

Сонымен қатар Бельгияның Сыртқы Істер министрлігі болжам бойынша, Қазақстан азаматының Ниццада қаза болғанын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні Ниццада кешкісін Францияның ұлттық мерекесі — Бастилияны алған күнді атап өту кезінде от шашуды бақылап тұрған бір топ адамға жүк көлігі соғылып, адамдар арасымен жүз метрдей жүріп өткен. Осыдан кейін көлік тізгіндеген террористер адамдарға оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша, қанды оқиғадан кем дегенде 80-ге жуық адам қаза тапты.