ЕРДОҒАН: Түркиядағы мемлекеттік төңкерістің артында Фетхуллах Гүлен тұр

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халқын көшеге шығып, демократияны қорғауға шақырды деп хабарлайды 24.kz.

Ердоған Skype арқылы халықты көшеге шығып, демократияны қорғауға шақырды

Ел президенті Тайып Ердоған Skype арқылы үндеу жасап, адамдарды көшеге шығып, тәртіпсіздікті тоқтатуға шақырды.

«Мен барлық тұрғындарды алаңғы шығып, бұл былықты тоқтатуға көмектесуге шақырамын», - деді ол.

Түрік президенті әскери төңкерісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берді, деп хабарлайды «РИА Новости». Эфирде Ердоғанның сөйлегені жайлы видео-жазба көрсетілген CNN Turk телеарнасы Түркия президентінің қауіпсіздікте екенін хабарлаған. Себебі төңкеріліс әрекеті кезінде ол Бодрумдағы курортта болыпты.

Ал тағы бір дереккөз Ердоғанды күзеттің Мар-марис портына жеткізгенін хабарлап отыр. NTV телеарнасының эфирінде Ердоған мемлекеттік төңкеріліс жасамақшы болды, деп оппозициялық ислам уағызшысы, Фетхуллах Гүленді айыптаған.

Ол қудалаудан кейін АҚШ-та тұрады.

«Төңкеріс жасау әрекеті жайлы белгілі болды. Мен бар халқымды көшелер мен алаңда күтемін. Біз лайықты жауап қатамыз. Бұл әрекеттің «Параллель мемлекеттің» жасағанын білеміз. Олар қатаң жазаланады», - деп мәлімдеді Түркия мемлекетінің басшысы.

Сол арада Ердоған Facetime арқылы түріктің CNN телеарнасына сұхбат берді. Ол Түркия халқын көшеге шығып, демократияны қорғауға шақырды.

«Еліміз бұл сынақтан сүрінбей өтеді, халық төңкерілісшілерге қарсы шығады. Біз жақында бұл басқыншылықты жоямыз», - деді ол.

Сондай-ақ Ердоған Анкараға баратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымелдегі төңкеріс әрекетіне байланысты мәлімдеме жасады.

«Бұл әрекет әскерилерімізге жараспайтын іс. Террор ұйымдарына қарсы күресіп жатқан шығыстағы әскерилерімізге жасалған әділетсіздік деп білемін. Халқыма Үкіметпен бірге болып, көшеге шыққандары үшін алғысымды білдіремін. Бұл әрекетті жасағандар жазаланады. Халқыма бұл түнде ұйықтамай, еліміз үшін шерулерге шығуға шақырамын», - деді ол өз сөзінде.