Мәсімовтің "көмегі": Селден зардап шеккен қандастарымызға 200 доллардан берілді

Кеше қағазға қарап бес минут қазақша сөйлегенін сан-саққа жүгірткен жұрт бүгін Мәсімовты "Шық" бермес Шығайбай" деп жатыр. Баянөлгейдегі апат зардабын жоюға көмек ретінде 200 мың доллар береміз дегені жер-жаһанның алдында ұят болды. Астына ат мініп еді. Мысалы, ағайынның сол мінгізген арғымағы асыл тұқымды, таза қанды жүйрік сәйгүлік болатын болса құны 1000000 долларға, тіпті одан да жоғарыға бағаланатынын өзі де жақсы біледі ғой... 200 мың доллар - бүтін бір мемлекеттің атынан беретін жәрдем!? "Президент Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы" деп әлденеше мәрте қайталап айтып еді. Сонда... бұл екеуінің қалталарынан шығарып, қосып тастағаны ма? Түсінбедік.

Орысша айтқанда - Позор! Қазақша, Масқара! Ол ақшаға бір коттедж ғана салуға болады. Ал, баспанасыз қалғандар саны - мыңға жуық! Бәрінен де сондағы 150 мың санды қандастарымыздың алдында ұят болды-ау! Итке сүйек тастағандай мұнша жарымағандықты, сартмезіретті мүлде жасамағаны абырой еді ғой!

P.S. "Қазақ Үні" порталы атынан қосарымыз: 200 мың долларды зардап шеккен мың адамға бөлсек, жан басына 200 доллардан ғана тиеді. Бұл дегеніміз 60-70 мың теңгенің арасы. Бұл ақшаға қандастарымыз үй сала ма, тамақ іше ме, киімдерін бүтіндей ме? Не істейді?!.

Болат Жетекбай,

Фейсбук парақшасынан алынды