Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допинг дауына ілікті

Осыған дейін допинг қолданғаны үшін Илья Ильинді халықтың алдында айыптап келген Владимир Седовтың өзі допинг қолданған болып шықты.

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допинг дауына ілікті

Бұл туралы отандық БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Седовтың 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетіп, оның станозолол қабылдағаны анықталды. Бұл "А" сынамасының нәтижесі. "Б" сынамасының қорытындысы келесі аптада белгілі болады.

Еске сала кетейік, Владимир Седов Бейжің Олимпиадасында 4-ші орын алған еді.

Осылайша, Седов спорттық мансабында екінші рет допинг дауына ұшырады. Бұдан бұрын ол 2006 жылдан 2008 жылға дейін допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілген болатын.

"Бұған сену де, сенбеу де өз еркіңізде. Бұдан бұрын да мен допинг қабылдамағанымды айтқан болатынмын. Мен бұл шешіммен келіспеймін. Ешқашан допинг қолданған емеспін және әділетті түрде жеңіске жетіп, жеңіліп жүрмін", - дейді Седов.