Обаманың мұсылман киімінде түскен суреті желіні жарды (фото)

Әлеуметтік желі беттерінде АҚШ президенті Барак Обаманың жас кезіндегі суреті жарияланды деп хабарлайды muslim.kz.

Обаманың мұсылман киімінде түскен суреті желіні жарды (фото)ФОТО: MUSLIM.KZ

Fox News телеарнасындағы «О’Райли Фактор» бағдарламасының жүргізушісі Билл О’Рейли жарияланған бұл суреттерде Обама араб халқының дәстүрлі киімі – галабея мен тақия киіп алған.

Рейли бұл суреттердің Барак Обаманың өгей ағасының Мэрилендте өткен үйлену тойында түсірілгенін айтады.

Сондай-ақ, ол сурет жайлы айта келіп, АҚШ президентінің «ислам дініне деген терең сезімі» оның ДАИШ ұйымының Таяу Шығыста жасап жатқан бассыздықтары жол беріп отыр деп қиыстырып қойған.