ПОРТУГАЛИЯ - ЕУРОПА 2016 ЧЕМПИОНЫ! Роналдудың өкінішті көз жасы Жеңіс жасына жалғасты!

Португалия 1 Футболдан Еуропа 2016 чемпионатының Алтын кубогын Португалия футболшылары жеңіп алды. Финалдағы тартысты ойынның қосымша экстра-таймында  Португалия Францияны 1-0 есебімен ұтты. Алтын голдың иесі -  Эдер! Ойынның басында аяғынан жарақаттанып, ойынға екі рет кіріп,екі рет шығып қалған, зембілде жылап бара жатқан Португалия құрамасының команда капитаны, әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың өкінішті көз жасы Эдердің алтын голы соғылғанда бұрқ етіп, Жеңістің көз жасына ұласты! Ақсаңдап алаң шетінде шауып жүріп, екінші жаттықтырушылық рөл атқарған Роналдудың көз жасының бағасын   миллиондаған жанкүйерлердің бәрі шын жүректен ұғына білді... Ал Франция футболшылары өкініштен жылады... Париждың 80 мың адамдық стадионы португалдықтардың қызыл футбол формасымен қып-қызыл жалынға оранып жатты! Жанкүйерлердің де қуанышында шек болмады! Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуштың жігіттері жарады. Ақырын жүріп, анық басқан португалдықтар ақыры Алтын кубокқа ие болды! Бүгін Португалияда - ақ түйенің қарны жарылған үлкен той! Ол қанша күнге созыларын бір құдай біледі! Көптен күткен Жеңіс құтты болсын, португалдықтар! Қ.Жарылқасынұлы. qazaquni.kz Португалия 2   Португалия 3 Португалия 4   Португалия