Жұлдыздарымыз қайыршы ма? МИЫҢ БҮТІН БОЛМАСА, КИІМ ЖЫРТЫҚ БОЛАДЫ!..

 Жыртық шалбар, жалаңаш кеуде, ашық кіндік...

асел   matay Өткенде Астанада есік алдындағы көкөніс дүкеншеден  жеміс-жидек алдым. Сатушы қайтарымға бірнеше шақа (монета) берді.  Қолыма ұстаған күйі есікке бұрыла бергенде, қасында күйеуі, әлде, жігіті бар бір жас қазақ қыз ба, келіншек пе,  кіріп келе жатыр екен... Бет-аузы боянған, менің шашымнан да қысқа  шашы  күлгін бе, жасыл ма, түсініксіз бір бояуға бояп алыпты. Көзім жұлма-жұлма жыртық жинсиінен жалтырап көрініп келе жатқан тізелеріне түсті... Аяп кеттім де, алақанымдағы майда тиындарды ұсындым... Көзі бақырайып: "Вы что делаете, с ума сошел!"-деп шаңқылдап кетті... "өзінің" тілінде. Мен де өз тілімде: -Қайдан білейін, жыртық-жыртық шалбар киіп алғаныңа қарап, қайыршы ма, бомж ба деп қалғаным ғой!.. Жыртық шалбарлы akbota Шымкенттен келіп сауда жасап жүрген сатушы әйел айқайлап күліп жіберді...  Айналадағылардың біразы жыртық шалбарлы қызға емес, бүтін шалбарлы  маған үркіп қарап қалды... Қасындағы жігіті қызарақтап, маған  бір жақтырмай қарап алып, "Саған сол керек еді"-деп,  әлгі қызды қолынан жұлқып, жетектеп шығып кетті...  Ұяты бар ма деп қалдым соған қарағанда. Жігіттің... МИЫҢ БҮТІН БОЛМАСА, КИІМ ЖЫРТЫҚ БОЛАДЫ!.. Бүгінгі жыртық шалбар кигіш мисыздарға қарап, шығып кеткен сөз еді бұл сондағы...   Сөйтсем, көшедегі кім-көрінген емес, біздің белгілі әншілеріміз де осылай киінеді екен... Ғаламторда  (baistars.kz) КешYOU  деген аты біртүрлі топтың мүшесі Ақбота Сейтмағамбеттің (аты да, тегі де қандай қазақы, әдемі еді...) қос тізесі жалтыраған "қайыршы" бейнесі  толып жүр екен.  Оның кеудесін жалаңаштаған  ашық көйлегі де талай сөз болыпты...  Және бұл жалғыз емес, талай "жұлдыздарымыз" жүр жыртық шалбар, жалаңаш кеудемен.. жыртық шалбар кіндік Сонымен қатар қос анарын көрсетіп,  кеудесі түгел ашық киім киетін қыздар   мен әйелдерде тіпті, ми да, ар да, намыс та жоқ деп ойлаймын... Жұлдыздарымыз бұл жағынан да "алда" екенін бәрін айтпай-ақ,  жоғарыдағы Әсел Садуақасова, Аша Матайлардың суреттерінен де көруге болады... Кейде тойларда, тіпті, жасы үлкен, әже дерлік немерелі әйелдердің жалаңбастығын айтпағанда, бала-шағаның, бөтен қаншама жұрттың алдында қос анарын салбыратып жүруі сорақы құлдық сана емес пе? Қарай алмайсың қызарып...  Бірақ олар қызармайды... Өйткені,ұлттық тәрбие, ар-ұят, ибадан жұрдай... Мисыздардың ең үлкені - қыз-келіншектердің кіндігін көрсетіп жүруі.  Жалпы, анары мен кіндігін көрсетіп жүретіндерге айтарым, өзінің күйеуіне ғана көрсетуі тиіс ұятты жерін бүкіл әлемге көрсету үшін онда ми болмау керек. Және онымен бірге қасында ұялмай жүрген жігітте де, немесе күйеуінде де ми, намыс болмауы керек! "Кіндігін көрсеткен қыз кімге керек?"-деген тапсырма беріп, журналист жігіттерге жазғыза алмадым.  Қолдары тимеді немесе өздерінің қыздары солай кіндігін көрсетіп жүретін болуы керек деп түйдім. Жыртық шалбар, жалаңаш кеуде, ашық кіндік... Бұлардың сөзіне қарасаң, бұл батыстан келген мәдениет, сән екен! Нақ атасына нәлет мұндай сән мен мәдениеттің! Жеткен жеріміз осы! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қазыбек ИСА qazaquni.kz