Бас газеттің басшысы ауысты

Бөлісу:

Дархан

Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында жазды. «Егемен Қазақстанның» ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырдым.  Бас газеттің басшылығына белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін ол  Халықаралық Түркі академиясын басқарып келгенін білесіздер»-деп хабарлады.
Дәурен Абаев бұрынғы басшы Еркін Қыдырға газеттің және жалпы отандық баспасөздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Дархан Қыдырәлі ғасырлық тарихы бар «Егеменнің» елдігімізді нығайту жолындағы істерін одан әрі жалғастырып, газетті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін»-деді министр.

Біз де Дархан Қыдырәліге  бас газетті басқаруда жемісті жетістіктерге жетіп, шынайы ақпаратқа жол ашып, ұлт мүддесін ұлықтай беруіне  тілектеспіз!

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

екі × 2 =