JULDIZDAR.KZ   сайты  рейтинг бойынша бірінші орында! 

  zhuldyzdar_kupiyasy “ЖҰЛДЫЗДАР ҚҰПИЯСЫ”  журналының сайты    JULDIZDAR.KZ ақпараттық порталы соңғы кезде қазақ тілді сайттардың ішінде топ жарып, бірінші орынға берік жайғасты десе де болады. Бүгінде не көп, сайттар көп. Оның ішінде бәсекеге төтеп бергендері ғана оқырман сұранысын қанағаттандырып, алда  келеді. Мәдениет пен өнер және қоғамдық -саяси тақырыптарды өткір жазатын сайт кейінгі  кездегі ең актуальды болып тұрған мәселелерді көтере білуімен  үздік сайтқа айналды. JULDIZDAR.KZ Санақ.кз  рейтинг  каталогы бойынша барлық сайттардан оқ бойы озық тұрса, Зеро.кз  рейтинг каталогы бойынша  барлық қазақ тілді ақпараттық сайттардың ішінде ең алда тұр. Жалпы, бірнеше тілдегі 6859 сайттың ішінде 37-ші орында тұр. Ретіне қарай одан соң  "Қазақ үні" сайты - 61-ші орында, "Время" газеті 69-шы орында, РадиоТочка 73-ші,  Қамшы -74,  БАҚ-75, Хабар-82, Матрица.кз -83-ші, Номад 96-шы орынға жайғасты. Алғашқы жүздіктің реті осылай түзілуде. "Жұлдыздарға" жұлдызың жарқырай берсін дейміз!