Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте «Қазақстан Барысы» атанды

2082

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велокешенінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаз анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте "Қазақстан Барысы" атанды

Осымен алтыншы рет өткізілген  турнирде Бейбіт Ыстыбаев қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанып отыр.

Финалда Бейбіт ОҚО балуаны Жұманазар Ерсұлтановты таза жеңді. Ал үшінші орын үшін күресте тағы бір тараздық балуан Айбол Айтбек өз жерлесі Дәулетхан Жақыповты ұтып кетті.

Еске сала кетейік, Ыстыбаев 2012,2015 жылдары чемпион атанған болатын.

Биыл жарыстың фавориті саналатын Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаровтар финалға жете алған жоқ.

«Көрермен көзайымы» аталымында Виктор Демьяненко мен Александр Касачев марапатталды.