Поляктар Қазақстанда өздерінің «Агроқалашығын» құрмақшы

913
2
Бөлісу:

20160630164850Қарағанды облысында поляк бизнесінің қатысуымен «Агроқалашық» инвестициялық паркі» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«30 маусымда Қарағанды облысының әкімдігі мен поляк-қазақ сауда-өндірістік палатасы және жалпыполяктік шаруашылық палатасы шығыс ынтымақтастық комитеті арасында «Агроқалашық» инвестициялық паркі» жобасын жүзеге асыру туралы меморандумге қол қойылды. Қол қою рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты», делінген хабарламада.

Елге шет ел инвестицияларын тартуда аграрлық сфера басым бағыттарының бірі болып табылады.  Қазақстандағы «Агроқалашық» құрылысы туралы ақпарат 2016 жылы сәуір айында Варшавада өткен Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссия отырысының соңғы хаттамасында көрініс тапты», деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жоба мақсаты – поляк инвесторларын тарту арқылы аймақтағы ауыл шаруашылығын, сақтау, өңдеу технологияларын дамыту.

Алдын ала бағалау бойынша, жобаның бірінші кезеңінің құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды. Оған көкөніс және жеміс-жидек өсіретін жылыжай, ашық плантациялар моделі, өңдеу зауыттары, және қоймалар мен тоңазытқыштар құрылысы кіреді.

«Сонымен қатар, поляк серіктестер Польша, Қарағанды білім беру мекемелерінің негізінде ғылыми-оқыту орталығын құру арқылы салынып жатқан өнеркәсіпке мамандарды даярлау бағдарламасын бір уақытта бастауды жоспарлап отыр», деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Есенғали, Антакиядан 30 Маусым, 2016 18:47 Жауап

    Рапс пен соя егуден басқаны білмейтін қысықкөздерге жерді жалға бергенше, еуропалықтар мен еврейлерге берсең, ивестиция деген пәлекет пен технология да бірге келеді.

    Инвестиция деген пәлекетті білмеген ата-бабаларымыз қалай күндерін көрді екен ?
    Қашан көрмесең, «ойбай, бізге инвестиция керек !» деп ойбайын салып жүрген көсекеңді көресің ?
    Ол инвестиция деген халықтың игілігіне жұмсалып жатыр ма, әлде шөпкетышарлардың шетелдік есепшоттарына құйылып жатыр ма, оны бір Алла біледі ? !
    Мына поляктардан түсетін 100 миллион АҚШ долларының қаншасы шетел банкілеріндегі есепшоттарға құйылатынын көсекең білетін шығар ?
    :oilanu: :oilanu: :oilanu:

  2. Самал 1 Шілде, 2016 12:00 Жауап

    Европалықтардың Қазақстан жеріне қызығуы жай емес. Жаңа ауыл шаруашылық технологиялары мен инвестицияларын алып кесе тіптен жақсы.

Пікір немесе жауап жазу

3 × 4 =