Төрт аяқты сәби дүниеге келді

23902
23
Бөлісу:

rebenok-0002Ақтөбеде төрт аяғы бар бала дүниеге келді. 4 аяқпен туған бала – егіздің сыңары. Ол 23 маусымда туған деп жазады Қазақпарат.

«Диапазон» сайтының хабарлауынша, егіздер мерзімінде туған, ата-аналарының дені сау. Егіз ұлдар ата-аналарының тұңғыштары. Жас келіншек жүктілік кезінде дәрігерлердің қарауында болған. УДЗ-дан ұрықтың аномалиясы бар екені байқалмаған.

Баланың 4 аяғы бар. Жүрек тамырларының дамуында, айналшықта ақау бар. Тік ішегінің орнына аяқ орналасқан. Сенбі күні сәбиге жасалған ота сәтті өткен. Іш босатуы үшін оның ішегін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығарған. Себебі баланың табиғи жолмен іш босатуына мүмкіндігі жоқ. Бала қазір реанимацияда. Алда әлі бірнеше ота жасалып, артық аяқтары алынбақ.

Мұндай аномалия облыста бұған дейін болмаған. Мамандардың сөзінше жаңа туған сәбилердің бұл дерті инфекцияға, қан аздыққа, экологияға, сондай-ақ аналарының жүктілік кезінде кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдауына байланысты болуы мүмкін. Жас отбасы Ақтөбе қаласына аудан орталығынан көшіп келген.

Ал дүйсенбі күні Ақтөбе қаласының басқа перзентханасында аяқ-қолына қосыла өскен өскіні бар бала дүниеге келген. Қазір сәби тексеруден өткізіліп жатыр. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, аталмыш аномалия уақыт өте емделеді. Күні бүгін шұғыл ота жасау қажет емес.

Дерек көзі: Қазақпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 23 пікір жазылған

  1. Тілекші 30 Маусым, 2016 06:43 Жауап

    Құдайдан күшті емессің демекші жас сәбиге обал ақ.Ата-анасына Алла сабыр берсін! :oilanu:

  2. Бекзат 30 Маусым, 2016 11:29 Жауап

    Бұл Алланысң ата анасына жіберген сынақ оларға Алла сабырлық, жүректеріне иман нұрын хадия етсін. Жəне баласына келешекте оталарында Алланың өзі сəттілігін нəсіп етсін. Жəне дертінің шипасын Алла əсіп етсін. Бұл

  3. Анямау 30 Маусым, 2016 13:31 Жауап

    Əмин,айтқаның келсін айналайын.Қандай тамаша сөздер.Бекзат балам айтқандай Алла дертінің шипасын берсін.

  4. Гаухар 30 Маусым, 2016 16:04 Жауап

    Ата анасына тек сабыр берсин. Оталары сатти отсин : :zhlau: алла шипасын
    берсин тек

  5. гаухар 1 Шілде, 2016 01:38 Жауап

    Каншалыкты рас екен мына жаиттар осы интернетта утирикти маиын тамызып жокты шынга аиналдырып еригип отратн адамдар кубейген

  6. Асель 1 Шілде, 2016 15:11 Жауап

    Дуние есiгiн ашпай жатып сабиге обал болган екен.Осы Рамазан айында Алла Тагала сатiн салып шипасын берсiн тез сауыгып кетсiн. Алла тек сабырлык берсiн ата анасына.

  7. Алмас 2 Шілде, 2016 03:08 Жауап

    ИншаАллах Раббым шипасын бергей. Булда бир сынаккой. Ата анасы сабырлы болгай. Отасы онынан болгай ИншаАллах. :zhlau:

  8. Айкожан 3 Шілде, 2016 16:11 Жауап

    Аллам жар болсын! ИншАллах бари жаксы болсын! Иманымыз алсиремесин! .Алланын ози бир жаксылыкты берери хак. Сабырлы болсын ата анасы…Аман есен тап татти болып осип жазылып кетсин..Аллам каласа бул куда артта калай. .Алладан дуга тилек тилеймиз балапан ушин..Аллам жар болсын!

  9. Нур 3 Шілде, 2016 20:06 Жауап

    Бекзат! Кайдан алдың: ата агасына Сынақ дегенді!
    Сынак жасау ушин, бир нарестени кем- тар болып жарату оңайма екен! Баска сынак калмапты ма?

  10. Бота 4 Шілде, 2016 03:01 Жауап

    Алла сабыр берсін.көзге көрінген сəби алланың қалауымен сауыгып кетсін деп .алладан ата анасы бауырлары жане барлык мұсылман қауым тилек тілесін .Алла насип етип сəбиміз сауыгып кетсін.бір өзіне Алла жар болсын.

  11. коныс 9 Шілде, 2016 16:11 Жауап

    алла шипасын берсин.алланын исине не шара истей аламыз.сабырлы болгайсыздар

Пікір немесе жауап жазу

1 × үш =