Шынашағыңыз – мінезіңіздің айнасы

7631
17
Бөлісу:

Ақылға қонымсыз көрінегенімен, десе де қолымыздағы ең кішкентай саусағымыз, әсіресе, оның ұзындығы мен пішіні біздің қандай адам екеніміз жайлы көп нәрсе айта алады. Шынашақ мінезіңіздің бұғып жатқан қырларынан көрініс береді.

a-103

Қолыңызға мұқият қарап, шынашағыңыздың қай түрге жататынын анықтаңыз. Бұл ақпарат мені елітіп әкетті. Бағзы замандарда адамдардың шынашағына сақина таққаны де бекер емес-ау…

Қалыпты ұзындықтағы шынашақ

Ұзындығы аты жоқ саусағыңыздың жоғары бөлігіне жететін шынашақ қалыпты болып есептеледі. Шынашақтары мұндай ұзындықтағы адамдар дұрыс қалыптасқан, кемел мінезімен, нақты өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленеді. Олардың әлденеге көзқарасын өзгертуі екіталай.

Ұзын шынашақ

Егер шынашағыңыз атауы жоқ саусақтың жоғарғы және ортаңғы бөліктерін бөліп тұрған сызықтан ұзынырақ болса, сіздің жолыңыз болғаны! Бұл ешқашан алған бетінен таймайтын тартымды, дарынды тұлғаның белгісі. Мұндай адамдардың бойындағы дарыны мен еңбекқорлығы әлемге үлкен өзгерістер сыйлайды.

Қысқа шынашақ

Қысқа шынашақ иелері – бауырмал әрі ұқыпты адамдар. Олардың бойынан ұяңдық қылаң бергенімен, оны кемшілік деп атауға келмейді. Мұндай адамдар – қызыл тіл мен дипломатиялық қатынастардың шебері.

Сүйір шынашақ

Саусақ ұшының сүйір болуы тілдерді меңгеру қабілеттілігі мен шығармашыл тұлғаны білдіреді. Шынашақ ұшының дөңгелектігі – адамның асқан сабырлылығының белгісі.

Қисық шынашақ

Шынашағы ішке қарай майысқан адамдар кез-келген жағдайға жылдам бейімделеді. Мұндай мінезді жандар табиғатынан бітімгер келеді.

Шынашақ буынының үлкендігі

Әрдайым сенім артуға тұрарлық жандардың шынашағының буыны саусақ шетінен сәл шығыңқы болады. Олар қоршаған орта жайлы көптеген ақпаратқа қанық, өткен өмірін есте жақсы сақтайды әрі ешқашан көмек қолын аямайды.

Достарымның сусақтарына мұқият қарап, таңданысымды жасыра алмадым. Бұл мінездеменің қаншалықты рас екенін тексеріп, өз нәтижеңізбен бөлісіңіз. Бұл шынымен де қызық!

Источник: Stan.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 17 пікір жазылған

  1. Қазақ 29 Маусым, 2016 18:35 Жауап

    Мындағы «аты жоқ саусақ» саусақ атаулары Қазақша саусақ аттарын ұмыттырар ма екен?
    Бас бармақ,
    Балан үйрек,
    Ортан терек,
    Шылдыр шүмек,
    Шынашақ немесе кішкене бөбек.

  2. Kill 11 Шілде, 2016 16:19 Жауап

    I’ve been surfing online more than 3 hours today, yet I never found any interesting article like yours.
    It’s pretty worth enough for me. Personally, if all website owners and
    bloggers made good content as you did, the web will be much more useful than ever before. http://www.yahoo.net

  3. başakşehir escort 21 Мамыр, 2019 09:34 Жауап

    I am really loving the theme/design of your weblog. Do you ever run into any browser compatibility
    problems? A few of my blog readers have complained about my site not working correctly
    in Explorer but looks great in Firefox. Do you have
    any tips to help fix this problem?

  4. atakent masözleri 29 Мамыр, 2019 23:01 Жауап

    Do you mind if I quote a few of your posts as long as I provide credit and sources back
    to your webpage? My blog site is in the very same niche as yours and my visitors would really
    benefit from some of the information you present here. Please let me know if this ok
    with you. Thanks a lot!

Пікір немесе жауап жазу