Мәжіліс Төрағасы журналистерді мерекелерімен құттықтады

a314193ccf89a04d8a72cdf90373e85e_resize_w_520_h_Бүгін Парламент Мәжілісінде Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

 Қалам иелеріне арналған салтанат Мәжілістің жалпы отырыс залында өтіп, мерекеге шақырылған жүзден астам журналист түгелдей халық қалаулыларының орнына жайғасты.

Журналистердің өздерін депутат сезінуге мүмкіндік берген Мәжіліс Спикері мерекелік шараға өзі төрағалық етіп, депутаттар мен журналистер жұмысының ортақ мақсатына тоқталды.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша тікелей тілшілер қауымының қарымды қаламының арқасында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сондай-ақ, осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер, болашақ мақсаттар жан-жақты айтылды. Соның ішінде Парламент Мәжілісі депутаттарының қызметі және заң шығармашылық жұмысы да ешқашан журналистер назарынан тыс қалған емес.

Осыған орай Палата Бюросының шешімімен келер жылдан бастап, Мәжіліс қызметін үздік көрсеткен журналистерге арнайы сыйақы тағайындалатын болды.

Байқау мемлекеттік және орыс тілдерін қамти отырып, бірнеше номинация бойынша өткізіледі.

Байқау бойынша құрылған комиссияға егемен елдің тұңғыш Баспа және ақпарат министрі, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов жетекшілік етеді.

Бүгін сондай-ақ, бірқатар журналистерге Мәжіліс Төрағасының атынан Алғыс хат табыс етілді.

Дерек көзі: БАҚ.кз