Бақыт Сұлтанов бір сөзбен айтқанда «Қазақстанның қарызы басынан асатынын» меңзеді

Бөлісу:

photo_20671Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарында ЖІӨ 21,6 пайызын құрады. Бұл шекті мәннен біршама алыс. Бүгін халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, борыштарды басқару ел бюджетінің маңызды орнықты параметрлерінің бірі болып табылады. «Осы бағытта  халықаралық тәжірибе бойынша қарыздың қауіпсіздігін білдіретін шекті мән белгіленген. Осыған сәйкес мемлекеттік қарыз ЖІӨ 60 пайызынан аспауы керек, ал оны төлеу мен пайыздарын жабу бағытындағы атқарылатын қызмет бюджет кірісінің 15 пайызынан аспауға тиіс. Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарында ЖІӨ 21,6 пайызына тең болды, ал оған қызмет көрсету 9,8 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл шекті мәннен әлдеқайда алыс», – деді министр.

Оның айтуына қарағанда, «Мемлекеттік қарыз» рейтингінде Қазақстан 134 елдің арасында 12 орында тұр. «Әрине, борыштық басқару мәселесі ұдайы бақылауда және ағымдағы бюджеттік тұжырымдамаға сәйкес алдағы уақытта тапшылықты қысқартуға бағытталған жұмыстар атқарылатын болады», – деді Б. Сұлтанов.

Дерек көзі: ҚазАқпарат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Ашу 27 Маусым, 2016 15:42 Жауап

    Қазақстанның бюджетін бір үлкен қап сияқты десек, оның ауызын жақсы буып ұстау керек. Түбінің тесіктерін жамап отыру керек, жамауға үлгермей жатса, онда қаптесер тышқандарды жою керек. Ол үшін жақсы мысық керек.
    Ысырап пен ұрлық көп жерде қайдан береке болсын ?

  2. ҚазақиЯ 27 Маусым, 2016 21:34 Жауап

    Сырқы қарызымыз $155 млрд, оның $18 млрды Қытайға. Сонда «ақсақалымыз» қартайғанда осы ақшаны мақтаншақтыққа жұмсап, халқын б..ққа отырғызып, өзі «тайып» тұрмақ па? Банктерге отандастарымыз $7.5 млн. кредитпен қарыз, оның $1.5 миллионын төлей алмайтын халде. Сонда, сыртқа еш қарызы жоқ Өзбекстан бізден қанша сатыға немесе жылға озып кеткен? Қазақ өзін өзі құртып тынбаса жарар еді…

  3. Барыс 28 Маусым, 2016 01:10 Жауап

    Шалдың солақай саясаты, болашақ жастарға қамыт болып қалды ау. Билік басынан ұрылар, жемқорлар және сыбайластар. Халық кедей, «шүкірміз»-деп санайтындар банкке бере жақ. Енді 25 жылдан кейін белгілі болады еліміз, жеріміз аман қалады ма екенін. Келешегіміз бұлыңғыр. Мына билік халықты тығырыққа тіреді ау? Ия, Аллаһ өзің ЖАР бола гөр!

Пікір немесе жауап жазу

төрт × бір =