Не масқара?!! Нью-Йорктағы гей-парадта Қазақстан туын көтеріп шықты

ҚР СІМ-нің, ҚР АҚШ-тағы елшісінің түсініктеме беруін талап етеміз!

Facebook қолданушысы Александр Смирнов Ньй-Йорктегі гей-парадтың фотоларын жариялады. 26 маусым күні өткен парад Орландодағы Pulse гей-клубында қаза тапқандардың құрметіне ұйымдастырылған. АҚШ тарихындағы ең үлкен гей-парадқа Қазақстан өкілдері де қатысып, еліміздің туын мақтанышпен алып жүрген.

Нью-Йорктегі гей-парадта Қазақстанның туы алдыңғы қатардан көрінді  (фото)20 мың адам қатысқан гейлер парадын гей-клубтың қожайыны Барбара Пома бастап жүрген. Парадты тамашалаушылар саны 1,6 миллион адамға  жуықтады.

Осыған ұқсас акциялар АҚШ-тың өзге қалаларында да өтті.

Парадқа қатысушылар қатарында АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон мен Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио да бар.

Еске сала кетейік, Орландо гей-клубындағы теракт кезінде 50 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған болатын.